29 тамыз – Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы іс-қимыл күні. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Айтулы дата 2009 жылы 2 желтоқсанда БҰҰ Бас Ассамблеясының резолюциясымен қабылданған. Мерекені атап өту бастамасын Қазақстан ұсынды. 1991 жылы 29 тамызда Семейдегі ядролық сынақ полигоны ресми түрде жабылған болатын.
Мотоцикл күні
Сондай-ақ, 29 тамыз – мотоцикл күні. Суретші Джек Армстронгтың Harley компаниясы үшін жасаған дизайнерлік мотоциклінің құны – $1 000 000. Мотоцикл тарихы керосин қозғалтқышы орнатылған арбадан басталған. Қазіргі мотоциклдің мұндай прототипі Штутгарт қаласында жасалды. 1885 жылы патенттелді.
Басқа мерекелер мен атаулы күндер
Словакияда Ұлттық көтеріліс күнін атап өтіп жатыр. Бұл күн Мысыр күнтізбесі бойынша жылдың басы болып саналады.
29 тамызда әлемде болған тарихи оқиғалар
- 011883 жылы Канадада әлемдегі бірінші электр плитасы таныстырылды;
- 021919 жылы Канадада автомобильдерге салынған тыйым алынып тасталды;
- 031938 жылы КСРО ЖОО-ларға сырттай оқу түрін енгізді;
- 041939 жылы "Әскери-тарихи" журналдың бірінші нөмірі шықты;
- 051949 жылы Семейде бірінші кеңес атом бомбасы сынақтан өткізілді.
29 тамызда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар
- 011720 жылы Қазақстанның солтүстік-шығыс бөлігінде, Ұлба мен Ертіс өзендерінің тоғысқан жерінде Өскемен қаласы құрылды;
- 021994 жылы Қазақстан Республикасы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың "Ұлттық жоғары мемлекеттік басқару мектебін құру туралы" Жарлығы жарияланды;
- 032000 жылы Қостанай қаласындағы № 9 мектепке ақын Ғафу Қайырбековтің есімі берілді;
- 042002 жылы Нұрсұлтан Назарбаев "Бәйтерек" монументінің ашылу салтанатына қатысты;
- 052003 жылы Алматыда қалалық жастар үйі ашылды;
- 062007 жылы Шымкентте "Абай" әдеби газетінің бірінші нөмірі басылып шықты;
- 072012 жылы Қырғыздың Ош қаласында Қазақстан Республикасы консулдығының ресми ашылуы болды.
29 тамызда дүниеге келген танымал тұлғалар
- 011907 жылы Кеңес театры мен киносының актрисасы Людмила Глазова дүниеге келді;
- 021909 жылы кеңес футболшысы Петр Старостин дүниеге келді;
- 031632 жылы британдық педагог-философ, эмпиризм мен либерализм өкілі Джон Локк туды;
- 041958 жылы америкалық әнші, биші әрі хореограф Майкл Джексон өмірге келді.
29 тамызда Қазақстанда кімдер дүниеге келді
- 011946 жылы суретші Бәтима Зәуірбекова туды;
- 021949 жылы Ортопедия және травматология ғылыми-зерттеу орталығының директоры Нұрлан Батпенов туған;
- 031977 жылы Қазақстанның бұрынғы әділет министрі Марат Бекетаев дүниеге келді.
