29 шілдеде әлемде Халықаралық жолбарыс күні аталып өтеді. Бұл күн 2010 жылы Санкт-Петербург қаласында жыртқыш аңның популяциясын сақтау бойынша өткен "Жолбарыс туралы саммит" халықаралық форумында белгіленді. Бастаманы жолбарыс мекендейтін 13 мемлекет қолдады. Форум барысында жолбарыстардың популяциясын қалпына келтіру бағдарламасы әзірленген, себебі соңғы жүз жылда жыртқыштың саны 25 есеге азайды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Румынияда – Ұлттық гимн күні. Осы елдің гимні "Deşteaptă-te, române!" деп аталады. Оның аудармасы - "Оян, румын!".
Ал Молдова Конституция күнін тойлап жатыр. Құжатты 1994 жылы 29 шілдеде ел парламенті қабылдаған болатын.
Бұдан бөлек, бүгін - Тай тілінің ұлттық күні. 1999 жылы Таиланд үкіметі 29 шілдені тай тілінің ұлттық күні деп жариялады.
29 шілдеде әлемде болған тарихи оқиғалар
- 011907 жылы Роберт Баден-Пауэлл Ұлыбританияда бойскауттар ұйымын құрды;
- 021914 жылы Нью-Йорк – Сан-Франциско трансамерикалық телефон желісі іске қосылды;
- 031952 жылы алғаш рет реактивті ұшақ Тынық мұхитының үстімен ұшып өтті;
- 041981 жылы Лондондағы Әулие Павел шіркеуінде Ұлыбританиялық тақ мұрагері, Уэльс ханзадасы Чарльз бен Диана Спенсер ханымның некелесу рәсімі өтті.
29 шілдеде Қазақстанда болған тарихи оқиғалар
- 011936 жылы Бүкілодақтық орталық атқару комитетінің Қарағанды облысын бөлу туралы қаулысы шықты. Осы құжатқа сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы бөлініп шықты және Қарағанды облысының орталығы Қарағанды қаласы болып белгіленді;
- 021936 жылы Қостанай мен Торғай губернияларының негізінде Қостанай облысы құрылды;
- 031990 жылы Алматыдағы Медеу мұз айдынында "Азия дауысы" атты музыка өнеріндегі танымал әндер мен талантты орындаушылардың бірінші халықаралық байқауы өтті;
- 041994 жылы үкіметтің реформаларды тереңдетуге және экономикалық дағдарыстан шығуға арналған бағдарламасы жарияланды;
- 052000 жылы Семей полигонының аумағында соңғы ядролық заряд жойылды;
- 062002 жылы ҚР үкіметінің қаулысымен Қазақстан Республикасында таратылатын шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарын тіркеу ережесі бекітілді;
- 072013 жылы "АЛЖИР" музей-мемориалдық кешенінде "Біз куәгерміз" атты жаңа кіші зал ашылды. Ол концлагерьде тұтқын болғандардың әйелдеріне арналған;
- 082013 жылы мемлекеттік комиссияның шешімімен Астанада ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінің - "Жел энергиясы" логотипі бекітілді.
29 шілдеде дүниеге келген танымал тұлғалар
- 011954 жылы Ресейдің танымал әншісі Игорь Крутой дүниеге келді;
- 021957 жылы Олимпиаданың бес дүркін чемпионы, гимнаст Нелли Ким дүниеге келді;
- 031981 жылы "Формула-1" пилоты, әлемнің екі дүркін чемпионы Фернандо Алонсо дүниеге келді;
- 041988 жылы Норвегия биатлоншысы, Олимпиада чемпионы Тарьей Бе дүниеге келді.
29 шілдеде Қазақстанда кім туды
- 011955 жылы Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі Мағауия Сембаев дүниеге келді;
- 021973 жылы балет биші, педагог, мәдениет қайраткері, "Серпер" сыйлығының лауреаты Айтолқын Тұрғынбаева дүниеге келді.
Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
