Бүгін, 29 маусымда, әлемде және Қазақстанда бірнеше мереке аталып өтеді. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Халықаралық өндірістік дизайн күні

Бүгін – Халықаралық өндірістік дизайн күні. Мерекені халықаралық өндірістік дизайнерлер қауымдастығы 2007 жылы бекітті. Бұл күн бекер таңдалынып алынбаған, 29 маусымда бүкіл әлемнің индустриялық суретші-дизайнерлерінің ұйымы құрылған болатын. Өндірістік дизайнерлер жасаған заттарды біз күнде көріп, пайдаланамыз. Адамдар тұтынатын барлық өндірістік тауарлар олардың еңбегінің нәтижесі.

Халықаралық тропиктер күні

Сондай-ақ бүгін Халықаралық тропиктер күні аталып өтеді. Мерекені БҰҰ Бас Ассамблеясы тропикалық аудандардағы қиындықтар туралы баршаны хабардар ету үшін бекіткен. Бұдан бөлек, мейрам тұрақты дамудағы тропикалық елдердің маңызды рөлін көрсетуді көздейді.

29 маусымда әлемде болған тарихи оқиғалар

  • 011855 жылы Лондонда *The Daily Telegraph* газетінің бірінші саны шықты;
  • 021916 жылы "Боинг" ұшағы алғаш рет әуеге көтерілді;
  • 031964 жылы теледидарды алыстан басқару пульті жасалды;
  • 041985 жылы Нью-Йоркте Джон Леннонның "Роллс-Ройсы" 2,229 миллион долларға сатылды;
  • 051995 жылы Сеулде Sampoong супермаркеті опырылып құлап, 502 адам қаза тапты;
  • 062007 жылы АҚШ-та алғашқы iPhone сатылымға шықты.

29 маусымда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар

  • 011932 жылы КСРО Ауыр өнеркәсіп халық комиссариатының алқасы "Балқаш мыс балқыту комбинатының құрылысы туралы" қаулы қабылдады;
  • 021964 жылы "Мақат – Ақтау" темір жолының құрылысы аяқталды;
  • 031992 жылы Қазақстан мен Люксембург Ұлы герцогтығының арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас орнатылды;
  • 042001 жылы ҚР президентінің "Астана – жаңа қала" арнайы экономикалық аймағын құру туралы" Жарлығы шықты;
  • 052009 жылы Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астананың болашақ мешіті құрылысының орнына ескерткіш капсуласын орналастырды және оны "Әзірет Сұлтан" деп атады;
  • 062010 жылы Маңғыстау облысында республикадағы жалғыз кеме жөндейтін зауыт іске қосылды.

29 маусымда дүниеге келген танымал тұлғалар

  • 011900 жылы француз ұшқышы және жазушысы Антуан де Сент-Экзюпери дүниеге келді. Ол әлемдегі ең танымал "Кішкентай ханзада" ("Маленький Принц") шығармасын жазды;
  • 021908 жылы джазды классикамен біріктірген америкалық композитор Лерой Андерсон дүниеге келді;
  • 031964 жылы кеңес, грузин және ресейлік эстрада әншісі, композитор, театр және кино актері Сосо Павлиашвили дүниеге келді;
  • 041978 жылы америкалық әнші және актриса, The Pussycat Dolls тобының бұрынғы мүшесі Николь Шерзингер дүниеге келді.

29 маусымда Қазақстанда кім туды

  • 011919 жылы Кеңес Одағының Батыры, 61-ші танкке қарсы артиллериялық батальонның барлау взводының командирі Қазбек Нұржанов дүниеге келді;
  • 021939 жылы биология ғылымдарының докторы, профессор, академик, Қазақстанда молекулалық биология мен биотехнологияның негізін қалаушылардың бірі Мұрат Айтхожин дүниеге келді;
  • 031958 жылы журналист, жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Қайнар Олжай дүниеге келді;
  • 041979 жылы қазақстандық кәсіпкер, "Qarmet" АҚ және "Allur Group" компаниялар тобы" АҚ директорлар кеңесінің төрағасы Андрей Лаврентьев дүниеге келді.