28 тамыз — әлемде және Қазақстанда бірнеше мереке мен есте қаларлық оқиғалармен ерекшеленетін күн. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Әлемдегі мерекелер

АҚШ-та бұл күн "Арман күні" деген бейресми атаумен аталып өтеді. Дәл осы күні 1963 жылы Мартин Лютер Кинг "Менің арманым бар" ("I have a dream") деп айтқан болатын. Қара нәсілділердің құқығын қорғау үшін күрескен қайраткер осы сөздерді Линкольн мемориалында айтты. Ол кезде бейбіт наразылық акциясы өткен болатын. Мартин Лютер Кинг адамдар нәсілі, тілі мен түріне қарамастан, тең құқыққа ие болады деген арманын айтты. Марштан кейін билік азаматтық құқық жөніндегі заңды қабылдады.

Черногорияда елді корольдік деп жариялау күні аталып өтеді. 1515-1851 жылдар аралығында Черногорияны діни көшбасшылар басқарды. Бірінші Данило діни саннан бас тартқан соң, мемлекеттің бірінші зайырлы лидері атанды.

Жаз соңында бүкіл славян жерінде бидай, арпа, басқа да дәнді дақылдар жинау науқаны аяқталады, келесі жылға тұқым дайындалады. Спожинки мерекесінің атауы осыдан шыққан.

28 тамызда әлемде болған тарихи оқиғалар

  • 011883 жылы Британия империясында құлдыққа тыйым салынды;
  • 021960 жылы Братиславада жоғары пилотаждан алғашқы әлем чемпионаты басталды;
  • 031966 жылы Аргентинада ереуіл өткізу құқығы алынып тасталды;
  • 041976 жылы АҚШ-та алғаш рет жасанды ген синтезделді.

28 тамызда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар

  • 011930 жылы Павлодар ауданының "Заман тынысы" газеті шықты, басылымның алғашқы нөмірлері қазақ және орыс тілдерінде басылған;
  • 021996 жылы Венгрияда Қазақ мәдениетінің күндері өтті;
  • 031998 жылы Қазақстандық "Тоғысқан тағдырлар" телехикаясы ТМД фестивалінде бірінші орын иеленді;
  • 042009 жылы Астанадағы көпбейінді "Абу-Даби Плаза" кешені құрылысының іргетасына капсула қаланды.

28 тамызда дүниеге келген танымал тұлғалар

  • 011749 жылы неміс ақыны, ойшыл, мемлекет қайраткері Иоганн Гете дүниеге келді;
  • 021947 жылы ресейлік театр және кино әртісі Юрий Беляев туды;
  • 031948 жылы кеңестік театр және кино әртісі Наталья Гундарева өмірге келді;
  • 041984 жылы биатлоншы, үш дүркін Олимпиада чемпионы Анастасия Кузьмина дүниеге келді;
  • 051969 жылы америкалық киноәртіс Джек Блэк туды.

28 тамызда Қазақстанда кім туды

  • 011889 жылы Алаш қозғалысының қайраткері Садық Аманжолов туды;
  • 021904 жылы атақты әнші, Қазақ КСР халық әртісі, Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Жүсіпбек Елебеков өмірге келді;
  • 031921 жылы белгілі ғалым, филология ғылымдарының докторы Нысанбек Төреқұл туды;
  • 041931 жылы көрнекті мемлекет қайраткері, тарих ғылымдарының кандидаты Өзбекәлі Жәнібеков дүниеге келді;
  • 051941 жылы Қазақстан маммологтары одағының президенті Әскер Есенқұлов дүниеге келді;
  • 061950 жылы қазақ футболының жарық жұлдызы Сейілдә Байшақов туды;
  • 071951 жылы Қазақстанның әлеуметтік ғылымдар академиясының академигі, Құқық саясаты және конституциялық заңнама ғылыми-зерттеу институтының директоры Сергей Удальцев дүниеге келді.