28 шілдеде әлемде Дүниежүзілік вирустық гепатитпен күресу күні атап өтіледі. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Мереке көптеген мемлекетте аталып өтеді. Бұл күні Нобель премиясының лауреаты, дәрігер Баруха Самюэля Блумберга дүниеге келген. Мерекені алғаш рет 2018 жылы Дүниежүзілік вирустық гепатитке қарсы күрес альянсы тойлайды. Дүниежүзілік вирустық гепатитпен күресу күні ресми түрде 2011 жылдан бастап мерекелене бастады, себебі Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бұл күнді өз күнтізбесіне енгізген болатын.

Сондай-ақ бүгін тілек тілеу күні. Бүгін жақсылап демалып, ойыңызда жүрген арманыңызды жүзеге асырыңыз. Өз-өзіңізге сенімді болыңыз.

28 шілдеде әлемде болған тарихи оқиғалар

  • 01**1586 жылы** Сэр Томас Хэрриот Ұлыбритания және Ирландияға картофель түйнектерін жеткізді.
  • 02**1851 жылы** әлемде алғаш рет күннің толық тұтылуы суретке түсіріліп алынды (дагерротипке түсірілді).
  • 03**1862 жылы** АҚШ-тың Монтана штатында алтын табылды, бұл халық арасында "алтын дүрлікпесін" тудырды.
  • 04**1896 жылы** АҚШ-тың Флорида штатында Майами қаласының негізі қаланды.
  • 05**1900 жылы** АҚШ-та дат эмигранты Луи Лэссинг (Коннектикут) гамбургерді ойлап тапты.
  • 06**1914 жылы** Бірінші дүниежүзілік соғыс басталды.
  • 07**1916 жылы** Англияда опиум мен кокаиннің импортына тыйым салынды.
  • 08**1951 жылы** Уолт Диснейдің "Алиса в Стране чудес" мультфильмінің премьерасы өтті.
  • 09**1964 жылы** Мао Цзэдун Никита Хрущевтің коммунистік және жұмысшылар партиясының халықаралық конференциясына қатысу ұсынысын қабылдамады.
  • 10**1992 жылы** Ауғанстанда әйелдерге телеарналарға шығуға тыйым салынды.

28 шілдеде Қазақстанда болған тарихи оқиғалар

  • 01**1969 жылы** Жамбыл облысында Жаңатас қаласының негізі қаланды.
  • 02**1992 жылы** Бельгияның астанасы Брюссельде Қазақстан мен Еуропалық комиссия арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнату туралы нота алмастыру рәсімі өтті.
  • 03**2003 жылы** ҚР Ұлттық банкі номиналы 10 000 теңгелік банкнотты айналымға енгізді.
  • 04**2007 жылы** Қазақстан президенті "Білім туралы" заңға қол қойды.

28 шілдеде дүниеге келген танымал тұлғалар

  • 01**1922 жылы** белгілі швейцариялық мұхиттанушы Жак Пикар дүниеге келді.
  • 02**1923 жылы** КСРО халық әртісі, режиссер, сценарист Владимир Басов дүниеге келді.
  • 03**1929 жылы** АҚШ-тың бірінші ханымы Жаклин Кеннеди дүниеге келді.
  • 04**1954 жылы** Венесуэла президенті Уго Чавес дүниеге келді.

28 шілдеде Қазақстанда кім туды

  • 01**1948 жылы** заң ғылымының докторы, профессор Рамазан Нұртаев дүниеге келді.
  • 02**1948 жылы** медицина ғылымының докторы, ҚР денсаулық сақтау ісінің үздігі Ерасыл Әбілқасымов дүниеге келді.
  • 03**1957 жылы** Жамбыл облысының бұрынғы әкімі Кәрім Көкірекбаев дүниеге келді.