28 қыркүйекте Қазақстанда Атом саласы қызметкерлерінің күні аталып өтеді. Атом өнеркәсібі қызметкерлерінің кәсіби мерекесін бекіту туралы жарлыққа 2008 жылы қол қойылды. Атом саласы қызметкерлерінің кәсіби мейрамының мерекелер күнтізбесіне енгізілуі атом өнеркәсібінің елдің экономикалық дамуындағы маңызды рөлін көрсетеді. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Бүгін — Ақпаратқа жаппай қол жеткізу халықаралық күні (International Day for Universal Access to Information). Мерекені ЮНЕСКО 2015 жылы бекітті. БҰҰ Бас Ассамблеясы да бұл күнді 2019 жылы халықаралық күндер тізіміне енгізді.
Бүгін Қытай Халық Республикасында Ұстаздар күні. Бұл күн б.з.д. 551 жылы туған ойшыл, алғашқы кәсіби ұстаз Конфуцийдің туған күніне орай белгіленген.
28 қыркүйек — Бүкіләлемдік құтыру ауруына қарсы күрес күні. Сондай-ақ бүгін ресми тойланбайтын қызық мереке – Бас директор күні. Бұдан бөлек, 28 қыркүйекте Швейцарияда жүзім өсірушілердің жыл сайынғы мейрамы — Шарап фестивалі басталады. Ол жүзім жинау науқанының басталуына орайластырылған. Швейцарияда бүкіл жүзімнен дерлік шарап дайындалады.
28 қыркүйекте әлемде болған тарихи оқиғалар
- 011542 жылы испаниялық Хуан Родригес Карбрильо Калифорния жағалауымен жүзіп өткен алғашқы еуропалық болды;
- 021958 жылы Францияда Бесінші Республиканың Конституциясы қабылданған референдум өтті;
- 031994 жылы "Эстония" паромы Балтық теңізінде батып кетті, 852 адам қаза тапты;
- 042001 жылы бразилиялық ұшқыш Жерард Мос "Шимангу" моторлы планерінде алғаш рет 100 күн ішінде жер шарын айнала ұшып өтті.
28 қыркүйекте Қазақстанда болған тарихи оқиғалар
- 011995 жылы "Сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы қабылданды;
- 021996 жылы Алматыда Кеңсай зиратында жазушы Оралхан Бөкеевтің зиратына ескерткіш орнатылды;
- 031999 жылы Ақтау қаласында Алашорда қайраткері Мұстафа Шоқайға ескерткіш орнатылды;
- 042006 жылы АҚШ-қа ресми сапармен барған Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Вашингтондағы Қазақстан елшілігінің алдына қойылған Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік монументін ашты.
28 қыркүйекте дүниеге келген танымал тұлғалар
- 011924 жылы итальян актері Марчелло Доменико дүниеге келді;
- 021934 жылы француз актрисасы, әнші Брижит Бардо дүниеге келді;
- 031938 жылы кеңес одағының театр және кино актері Александр Голобородько дүниеге келді;
- 041976 жылы ресейлік спортшы, ММА бойынша Pride FC тұжырымы бойынша ауыр салмақтағы төрт дүркін, WAMMA тұжырымы бойынша екі дүркін әлем чемпионы Федор Емельяненко дүниеге келді.
28 қыркүйекте Қазақстанда кім туды
- 011897 жылы қазақ әдебиетінің классигі, қоғам қайраткері, Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген ғылым қайраткері Мұхтар Әуезов дүниеге келді;
- 021932 жылы Қазақстанның халық жазушысы, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Шерхан Мұртаза дүниеге келді;
- 031940 жылы ғалым, геология-минералогия ғылымдарының докторы, профессор, КСРО мұнай өнеркәсібінің үздігі Герой Жолтаев дүниеге келді;
- 041943 жылы жазушы, Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының, Н.Островский атындағы Бүкілодақтық әдеби сыйлықтың иегері Оралхан Бөкеев дүниеге келді.
