Бүгін әлемде Әжелер мен Аталар күні атап өтіледі. Бұл мейрамды алғаш рет Канада тұрғындары тойлай бастады. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Қазақстан басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

28 қазан – Халықаралық анимация күні. Анимацияның кинодан 20 жыл бұрын пайда болғанын көп адам біле бермейді. 1892 жылы 28 қазанда суретші Эмиль Рейно париждік көрермендерге "жалтыраған пантомимдерді" – экранда қозғалған бейнелерді көрсетті. Кейін оларды мультфильмдер деп айта бастады. Қазір "суреттерді" компьютерлік анимация көмегімен жасайды, 3-D арқылы дайындалады. Бірақ көпшілік үшін мультфильм бала кезінен таныс шағын ертегі болып қала бермек, ересек адамдардың әлі күнге дейін оларды көретіні бекер емес, өйткені бұл ғажайыпқа сенудің ең қарапайым амалы.

Сондай-ақ бүгін Дүниежүзілік дзюдо күні аталып өтеді. Бұл күн осы спорт түрінің негізін қалаушы Дзигоро Каноның туған күніне сәйкес мерекеленеді. Мереке болып 2011 жылы Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) тарапынан белгіленді.

Ресейде Армиялық авиациясының құрылған күні — әскери авиаторлардың кәсіби мерекесі. Бұл күн 1948 жылы алғашқы авиациялық эскадрильяның құрылуымен байланысты.

28 қазанда әлемде болған тарихи оқиғалар

  • 011237 жылы Берлин қаласының негізі қаланды;
  • 021886 жылы Нью-Йоркте бостандық мүсіні ашылды;
  • 031914 жылы "Kodak" компаниясы түрлі түсті фотография технологиясын әзірлей бастады;
  • 041972 жылы әлемдегі алғашқы екі моторлы "Airbus A300" жолаушылар ұшағы ұшырылды.

28 қазанда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар

  • 011953 жылы Іле Алатауында алғаш рет өзен гидроэлектрстанциясы пайдалануға берілді. Оны іске қосқаннан кейін Алматы сарқырамасының қуаты екі есеге артты;
  • 021977 жылы Көкшетау қаласында облыстық орыс драма театры ашылды;
  • 031998 жылы скрипкашы Айман Мұсақожаеваға ЮНЕСКО-ның шешімімен "Әлем әртісі" жоғары атағы берілді;
  • 042005 жылы Ақтау қаласында Ауғанстанда қаза болған жауынгерлерге арналған ескерткіш ашылды.

28 қазанда әлемде дүниеге келген танымал тұлғалар

  • 011860 жылы дзюдоның негізін қалаушы, Кодокан мектебін ашқан жапон Дзигаро Кано дүниеге келді;
  • 021934 жылы кеңес жазушысы, сценарист, актер Борис Андроникашвили дүниеге келді;
  • 031955 жылы америкалық кәсіпкер және қоғам қайраткері, филантроп, Microsoft негізін қалаушылардың бірі және компанияның бұрынғы ірі акционерлерінің бірі Билл Гейтс дүниеге келді;
  • 041967 жылы америкалық актриса Джулия Робертс өмірге келді.

28 қазанда Қазақстанда кім туды

  • 011893 жылы ақын, ағартушы Сұлтанмахмұт Торайғыров дүниеге келді;
  • 021899 жылы қазақтың тұңғыш анатом ғалымы, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген дәрігері Хазихан Бөкейханов дүниеге келді;
  • 031934 жылы жазушы, аудармашы, Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген мәдениет қызметкері Герольд Бельгер дүниеге келді;
  • 041957 жылы кеңес және қазақ эстрада әншісі (сопрано), педагог, профессор, Қазақ КСР халық әртісі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қырғызстан мен Өзбекстанның еңбек сіңірген әртісі Роза Рымбаева дүниеге келді.