28 маусымда Қазақстанда Байланыс және ақпарат қызметкерлері күні аталып өтеді. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Әуелде бұл мейрам Журналистика күні деген атаумен тәуелсіз Қазақстанда 10 мамырда тойланатын. Себебі дәл осы күні алғашқы қазақ тілді "Түрікстан уәлаяты" газеті басылып шыға бастаған еді. Алайда 10 мамыр қазақстандық журналистика тарихына кәсіби мереке ретінде енбей қалды. Кейін Қазақ КСР-нің "Баспасөз және басқа бұқаралық ақпарат құралдары туралы" заңы қабылданған күнге орай журналистер мерекесі 28 маусымға ауыстырылды. Көп ұзамай мейрам Байланыс және ақпарат қызметкерлері күні деген атау алды.
2019 жылдың 24 маусымында Қазақстан президентінің арнайы қаулысымен үкіметке журналистердің кәсіби мерекесін бекіту туралы тапсырма берілді. Мемлекет басшысының айтуынша, бұл БАҚ-тың қоғамдағы маңызды рөлін айқындайтын әділ шешім болмақ.
Украина халқы мемлекеттік мереке – Конституция күнін атап өтеді. Бұл дата 1996 жылы 28 маусымда Украина Жоғары Радасының тәуелсіз мемлекеттің жаңа Конституциясын қабылдау құрметіне бекітілді. Украина Конституциясының жоғары заңдық күші бар. Бұл елде барлық заң мен нормативтік-құқықтық актілер Ата заңның негізінде қабылданады. Сондықтан Украина Конституциясының қабылдануы адам құқықтарын қамтамасыз етуде маңызды қадам болды. 1996 жылғы Конституция Украинада әлі де қолданыста, Ата заңға кейбір өзгерістер мен толықтырулар да енгізілді.
28 маусымда әлемде болған тарихи оқиғалар
- 011816 жылы Санкт-Петерборда салтанатты түрде алғашқы биржа ашылды.
- 021919 жылы Версаль бейбіт келісіміне қол қойылды.
- 031919 жылы Ұлттар лигасы құрылды.
28 маусымда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар
- 011995 жылы Алматыдағы Чапаев көшесі Манас көшесі болып өзгертілді.
- 022002 жылы Қазақстан президенті Шығыс Қазақстан облысының Лениногор қаласының атауын Риддер деп өзгерту туралы жарлыққа қол қойды.
- 032015 жылы Оралда Қадыр Мырза Әлиге ескерткіш, ұлы ақынның атымен аталатын жаңа мәдениет және өнер орталығы ашылды.
28 маусымда туған танымал тұлғалар
- 011712 жылы француз философы, жазушы, Ағарту дәуірінің ойшылы Жан-Жак Руссо дүниеге келді.
- 021967 жылы кеңестік және ресейлік актриса, теле және радио жүргізуші, педагог Яна Поплавская өмірге келді. 1977 жылы Янаның жұлдызын жаққан фильм экранға шықты. Леонид Нечаевтың "Про Красную Шапочку" фильмінде басты кейіпкердің рөлін сомдаған еді.
- 031985 жылы ресейлік гимнастшы, көркем гимнастикадан еңбек сіңірген спорт шебері, тележүргізуші, спорт комментаторы Ляйсан Утяшева дүниеге келді.
28 маусымда Қазақстанда кімдер туды
- 011955 жылы техника ғылымдарының кандидаты, Қазақстан спортының құрметті қайраткері Арғын Нығматулин дүниеге келді.
- 021957 жылы бұрынғы қаржы министрі Болат Жәмішев туды.
- 031959 жылы танымал суретші Аманат Назарқұл өмірге келді.
