27 тамызда әлемде және Қазақстанда бірнеше мереке мен тарихи оқиғалар орын алған. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Мерекелер

Бүгін Молдова Республикасының мемлекеттік мейрамы - Тәуелсіздік күні. Молдова - Еуропаның оңтүстік-шығысында орналасқан мемлекет. Солтүстігі, шығысы және оңтүстігі Украинамен, батысы Румыниямен шектеседі. Қазақстан Республикасы мен Молдова арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1992 жылы 31 шілдеде орнатылды.

Ресей Федерациясында кино күні аталып өтуде. Ресейде алғашқы фильмнің премьерасы 1908 жылы 15 қазанда өтті. Ол режиссер Владимир Ромашковтың "Понизовая вольница" атты туындысы болатын. Алғашқы ресейлік фильм небәрі 7 минутқа созылды. Ал ең бірінші толықметражды ресейлік көркем фильмнің атауы - "Броненосец Потомкин". Эйзенштейннің осы әйгілі фильмі экранға 1926 жылы шықты.

Иранда фармацевтер күні тойланып жатыр. Иран еліндегі бұл кәсіби мереке парсы дәрігері, алхимик және философ Әбу Бакр Мұхаммад әр-Разидің туған күніне орай белгіленген.

АҚШ-та Ұлттық мұнай күні. Америкада алғашқы мұнайды 1858 жылы 27 тамыз күні Пенсильвания штатындағы Титусвиллде Эдмин Дрейк есімді тұрғын тапқан болатын.

27 тамызда әлемде болған тарихи оқиғалар

  • 011783 жылы Париждің үстімен алғаш рет аэростат ұшып өтті;
  • 021912 жылы Эдгар Райс Берроуз Тарзан туралы алғашқы әңгімесін жарыққа шығарды;
  • 031946 жылы АҚШ-та ұшқыштың катапультті орындығы алғаш рет сынақтан өтті;
  • 041955 жылы Гиннестің рекордтар кітабының алғашқы басылымы шықты.

27 тамызда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар

  • 011992 жылы Алматыдағы Кино үйінде А.Әшімовтің "Елім-ай" киностудиясы түсірген "Қозы Көрпеш-Баян сұлу" фильмінің премьерасы болды;
  • 021992 жылы Қазақстан Республикасы мен Армения Республикасы арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнатылды;
  • 032007 жылы Ақтауда жоспарланып отырған Ақтау-Сити құрылысының аумағында сексеннен астам тарихи құнды ескерткіштері бар 28 тарихи-археологиялық кешен табылды;
  • 042015 жылы Астанада Қазақстан үкіметі мен Халықаралық атом энергиясы агенттігі (МАГАТЭ) арасында Төмен байытылған уран банкін құру туралы келісімге қол қойылды;
  • 052016 жылы Ақмола облысының Бурабай кентінде өткізілген қайырымдылық аукционында боксшы Геннадий Головкиннің былғары қолғабы сегіз миллион теңгеге, Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландиннің жейдесі 1 млн 450 мың теңгеге сатылды;
  • 062017 жылы қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Бейжіңде өткен 2017 Fresh Asia music Festival жаңа әндер фестивалінде "Жылдың үздік шетелдік шығармашылық тұлғасы" аталымының жеңімпазы атанды.

27 тамызда дүниеге келген танымал тұлғалар

  • 011770 жылы неміс философы, диалектиканың жүйелі теориясын жасаушы Гегель Георг Вильгельм Фридрих дүниеге келді;
  • 021896 жылы танымал театр және кино әртісі Фаина Раневская дүниеге келді;
  • 031941 жылы украин әртісі Богдан Ступка дүниеге келді.

27 тамызда Қазақстанда кім туды

  • 011925 жылы мүсінші, ұлттық кәсіби мүсін өнерінің негізін салушылардың бірі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Хакімжан Наурызбаев дүниеге келді;
  • 021928 жылы танымал ақын, аудармашы, журналист Қабдыкәрім Ыдырысов дүниеге келді.