27 шілдеде Қазақстанның батысында, солтүстік-шығысында, шығысында, орталығында және оңтүстік-шығыс өңірлерінің таулы аймақтарында найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Қазақстан басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Кей жерлерде бұршақ жауып, қатты жел соғуы мүмкін. Шығыс өңірлерде нөсер жаңбыр күтіледі. Ал оңтүстік-батыс, оңтүстік, солтүстік-батыс және солтүстік аймақтарда ауа райы жауын-шашынсыз болады.
Қазақстанның басым бөлігінде жел күшейеді. Батыс, оңтүстік-батыс, солтүстік және оңтүстік өңірлерде шаңды дауыл соғуы ықтимал. Солтүстік және шығыс аймақтарда түнгі және таңертеңгі уақытта тұман түсуі мүмкін.
