27 шілдеде әлемде және Қазақстанда бірнеше мереке мен тарихи оқиға орын алды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Әлемдік мерекелер

Бүгін - Вьетнам тәуелсіздігі үшін құрбан болғандарды еске алу күні. Бұл күні Вьетнамдағы қызметкерлер, әскерилер, жастар әскери зираттарды жаппай абаттандыруға кіріседі. 1964-1965 жылдары АҚШ қарулы күштері Вьетнамға басып кіріп, елде соғыс басталды. Бұл әскери қақтығыс Екінші Дүниежүзілік соғыстан кейінгі екінші ірі шиеленіс болып саналады. Сұрапыл соғыс 100 мың вьетнамдықтың өмірін қиып, көптеген сарбаз мүгедек болып қалды.

Бүгін - АҚШ-та ұлттық би күні. Мерекенің негізін So You Think You Can Dance (Бишімін деп ойлайсың ба) америкалық шоуының продюсері Найджел Литгоу қалаған.

Сондай-ақ бүгін - Гамбургердің туған күні. Бұл тағам немістікі болғанмен, гамбургер АҚШ-та фастфудтің "патшасы" болып саналады.

Әлемдегі тарихи оқиғалар

  • 011586 жылы ағылшын теңіз саяхатшысы Уолтер Рэли Британияға алғаш рет темекі алып келді.
  • 021694 жылы шотландиялық көпес Уильям Патерсон Англия банкін құрды.
  • 031814 жылы Қазан университеті ашылды.
  • 041910 жылы Орынборда "Багбустан ханым" атты әйелдер медресесі ашылды.
  • 051919 жылы алғаш рет реактивті ұлыбританиялық жолаушылар ұшағы - Комет ұшырылды.
  • 061920 жылы авиациялық навигацияда алғаш рет радиокомпас қолданылды.
  • 071940 жылы теледидардан "Багз Банни" мультсериалы көрсетіле бастады.
  • 081943 жылы Италияда фашистік партия тарқатылды.
  • 091944 жылы кеңес әскері Львов қаласын фашистік Германия әскерінен азат етті.
  • 101953 жылы корей соғысы бітімге келу келісіміне қол қою және КХДР мен Оңтүстік Корея арасында қарусыздандырылған аймақ құрумен аяқталды.
  • 111965 жылы АҚШ президенті Бейнс Джонсон темекіні өндірушілерден қораптардың сыртына шылым шегудің денсаулыққа зияндығы туралы жазуды талап ететін заң жобасына қол қойды.
  • 121990 жылы Молдавия парламенті Гагаузия автономиясын жойды.
  • 132012 жылы Лондонда ХХХ жазғы Олимпиада ойындарының салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Қазақстандағы тарихи оқиғалар

  • 011972 жылы Қазақ КСР-нің су кодексі қабылданды.
  • 021992 жылы Қазақстан мен Молдова арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнатылды.
  • 031999 жылы Қазақстанда қамқоршысыз қалған балаларға арналған тұңғыш отбасылық үлгідегі "SОS Алматы" балалар қалашығы ашылды.
  • 042007 жылы Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев агроөнеркәсіптік кешенді одан әрі дамытуға бағытталған "Агроөнеркәсіптік кешенді реттеу мәселелері жөнінде Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" заңға қол қойды.
  • 052007 жылы Алматыда "Өмір" аллеясы салтанатты түрде ашылды.
  • 062011 жылы VI-XII ғасырлардың мәдени оқиғаларынан сыр шертетін "Шыңғысхан жолымен" атты автожарыс өтті.
  • 072014 жылы ОҚО мемлекеттік педагогикалық университетінің археологтар тобы Ордабасы ауданындағы Күлтөбе қорымынан қаңлы мемлекетінің 12 тұрғынының сүйектерін, тұрмыстық заттар мен бағалы әшекейлер тапты.

27 шілдеде дүниеге келген танымал тұлғалар

  • 011917 жылы француз актері Бурвиль дүниеге келді.
  • 021943 жылы кеңес және Ресей әртісі Анастасия Вознесенская дүниеге келді.
  • 031948 жылы америкалық мәнерлеп сырғанаушы, Олимпиада чемпионы Пегги Флеминг дүниеге келді.
  • 041964 жылы ресейлік музыкант, композитор, "Сектор газа" музыкалық тобының негізін қалаушы, көшбасшысы Юрий Клинских дүниеге келді.
  • 051970 жылы дат актері Николай Костер-Вальдау дүниеге келді.

27 шілдеде Қазақстанда кім туды

  • 011939 жылы суретші, Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі Әмір Жұмағалиев дүниеге келді.
  • 021946 жылы Кеңес Одағының батыры, Қазақстанның халық қаһарманы, ҚР ұшқыш-ғарышкері, Кеңес Одағының еңбек сіңірген ұшқыш-сынақшысы, авиация генерал-майоры, ҚР еңбек сіңірген спорт шебері Тоқтар Әубәкіров дүниеге келді.
  • 031948 жылы өнертану профессоры, ҚР мемлекеттік сыйлығының лауреаты, композитор Төлеген Мұхамеджанов дүниеге келді.
  • 041972 жылы қазақ ғарышкері, ғарышқа ұшқан алғашқы Қазақстан азаматы, Қазақстанның Халық Батыры, генерал-майор Айдын Айымбетов дүниеге келді.
  • 051975 жылы Қазақстан Республикасы Тұңғыш президентінің баспасөз хатшысы Айдос Үкібай дүниеге келді.