27 қыркүйекте әлемде бірнеше халықаралық мереке атап өтіледі. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Бүгін, 27 қыркүйек — халықаралық туризм күні. Мерекені туризм саласында жұмыс істейтін қызметкерлер ғана емес, өзгелері де атап өте алады. Себебі әрқайсымыз өмірімізде бір рет болсын турист болып көргенбіз. Егер осы күнге дейін саяхаттап көрмеген болсаңыз, отырып алып болашаққа жоспар құрғаныңыз жөн.
Әлем жұрты бүгін БҰҰ жүйесіндегі басты халықаралық мерекелердің бірі — теңіз күнін атап өтіп жатыр. Бұл күн 1978 жылдан бастап үкімет аралық консультативтік теңіз ұйымының 10-шы Ассамблеясы шешімімен мереке ретінде күнтізбеге енгізілді. 1980 жылға дейін оны 17 наурыз күні атап өтетін. Бұл күннің басты мақсаты — адамзаттың есіне балық аулау, теңізге қоқыс тастау, суағарларды тазаламау арқылы теңізге қаншалықты зиян келтіретінімізді еске салу. Яғни теңіз қауіпсіздігін күшейтіп, оны тазарту. Әсіресе, мұнайдан тазалау.
Сондай-ақ, күнтізбеде халықаралық қоян күні пайда болды. Оның мақсаты — адамзатты қояндарға мейірімділікпен қарауға және оларды өлтіріп, терісін пайдаланбауға шақыру. Жер бетінде қояндардың екі жүздей ғана түрі бар. Ішінде олардың 50-і сәндік мақсатта пайдаланылады. Олар жүндерінің қалыңдығы, ұзындығы және түсі, құлағы, салмағы арқылы ерекшеленеді. Көптеген мемлекетте "қоян сұлулығы" атты байқау немесе ұзындыққа секіру сынды жарыстар өтеді. Ұлыбритания мен Скандинавия мемлекеттері — үй жануарларын ұстаудан алда келеді.
27 қыркүйекте болған тарихи оқиғалар
1825 жылы Англияда Стоктон–Дарлингтон теміржолы ресми түрде ашылды; 1822 жылы француз ғалымы Жан-Франсуа Шампольон мысыр иероглифтерінің сырын ашқанын жариялады; 1937 жылы АҚШ-та Санта-Клаустарды оқытуға арналған әлемдегі бірінші мектеп ашылды; 1960 жылы Останкино телемұнарасы тұрғызыла бастады; 1962 жылы Йемен Араб Республикасы жарияланды; 1996 жылы Талибан күштері Кабулды басып алды; 2001 жылы Норвегия билігі математика саласындағы зерттеулерге арнап Абелев марапатын енгізді.
27 қыркүйекте Қазақстанда болған тарихи оқиғалар
1931 жылы "Баянтау" газетінің алғашқы саны жарық көрді; 2000 жылы РАТА-ТАСС агенттігі мен "Қазақстан Интерпресс" қоғамдық қоры "Қазақстан-ТАСС" агенттігін құрды. 2006 жылы Алматы облысы Іле ауданындағы Первомай кентінде Қазақстандағы алғашқы инфузиялық ерітінділер шығаратын зауыттың таныстырылымы өтті; 2007 жылы Алматыда "Абай жолы" романының орыс тіліндегі жаңа аудармасының таныстырылымы өтті; 2007 жылы Семей қаласында "Daewoo Bus Kazakhstan" автобус зауыты таныстырылды; 2007 жылы Павлодарда ақын, аудармашы әрі драматург Аманжол Шамкеновтің құрметіне мемориалдық тақта ашылды; 2007 жылы Семейде Қазақстандағы бірінші автобус құрастыру зауыты — "DAEWOO BUS KAZAKHSTAN" ЖШС ашылды. 2010 жылы Қазақстанның "Balapan" балалар телеарнасы эфирге шықты; 2018 жылы Түркістан облысында Мұхамеджан Тынышбаев пен Тұрар Рысқұловқа арналған жаңа ескерткіш ашылды.
27 қыркүйекте әлемде дүниеге келген танымал тұлғалар
1722 жылы америкалық мемлекет қайраткері, АҚШ тәуелсіздігі үшін күреске қатысқан Сэмюэл Адамс дүниеге келді; 1918 жылы британдық астроном, Нобель сыйлығының лауреаты Мартин Райл дүниеге келді; 1943 жылы канадалық музыкант, әнші және гитарист Рэнди Бахман дүниеге келді. Ол The Guess Who және Bachman-Turner Overdrive топтарының мүшесі болды; 1946 жылы кипрлік саясаткер, Кипр Республикасының бұрынғы президенті Никос Анастасиадис дүниеге келді; 1950 жылы америкалық актер Кэри-Хироюки Тагава дүниеге келді. Ол "Mortal Kombat" және "Pearl Harbor" фильмдеріндегі рөлдерімен танымал; 1973 жылы британдық актриса Индира Варма дүниеге келді. Ол "Game of Thrones", "Rome" және "Luther" телесериалдарындағы рөлдерімен танымал; 1976 жылы итальяндық футболшы, Италия құрамасының 2006 жылғы әлем чемпионы Франческо Тотти дүниеге келді; 1986 жылы ресейлік актриса, режиссер Никита Михалковтың қызы Надежда Михалкова туды.
27 қыркүйекте Қазақстанда кімдер дүниеге келді
1963 жылы бұрынғы мәжіліс депутаты Мұхтар Тінікеев дүниеге келді; 1942 жылы заң ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстанның белгілі ғалымы Өмірәлі Жалаири дүниеге келді; 1950 жылы Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің ректоры Найман Қалабаев туды; 1926 жылы жазушы, Қостанай қаласының құрметті азаматы Серік Шәкібаев туды; 1958 жылы Алматыдағы Ислам университетінің ректоры қызметін атқарған Хұсайын Алсабеков туды.
