27 қазанда әлемде бірнеше халықаралық мерекелер мен маңызды тарихи оқиғалар бар. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Халықаралық мерекелер

Бүгін жұмсақ аю ойыншықтардың мерекесі. Ол ХХ және ХХІ ғасырлардағы ең танымал ойыншықтардың бірі. Батыс Еуропа мен Америкада ол Теодор Рузвельттің есіміне ұқсас Тедди атымен аталады. 1902 жылы президент америкалық қара аюға жанашырлық танытқан. Рузвельт ағашқа байланған аюды келіп атуға шақырту алады. Алайда ол оны атудан бас тартып, мұны басқа біреулерге тапсырады. Мұндағы мақсаты — қиналып жатқан аюды құтқару болатын. Бұл оқиға туралы газет беттерінде жазылып, түрлі карикатура пайда болды. Уақыт өте келе ол кішкене сүйкімді аюға айналды. Оқиғаның мән-жайы уақыт өте келе бұлыңғырланып ұмытыла бастады. Бірақ Теддидің аюды атудан бас тартқаны жұрттың есінде қалды.

27 қазан күні Ұлыбритания тұрғындары ресми қара мысықтар мерекесін атап өтеді. Ал АҚШ тұрғындары әдетте оны 17 тамыз күні тойлайды. Бұл мереке не үшін күнтізбеге енгізілді? Статистикалық мәліметтер бойынша, халық қара мысықты алудан бас тартады. Яғни бұл мереке қара мысықтарға қамқорлық таныту үшін ойлап табылған.

Мұнымен қатар, бүгін халықаралық аудиовизуалды мұралар күні. Ерекше күн күнтізбеде 2005 жылы БҰҰ мамандарының ұсынысымен пайда болды. 1980 жылы дәл осы күні аудиовизуалды естеліктерді, құжаттарды сақтауға кеңес берілген-ді. Аудиовизуалды құжаттар тек ХХ ғасырда жаппай тарала бастады. Оның басты мақсаты — мәдени мұраларды сақтау.

27 қазанда әлемде болған тарихи оқиғалар

  • 011873 жылы АҚШ-та тікен сым темір патенттелді.
  • 021682 жылы АҚШ-та Филадельфия қаласының негізі қаланды.
  • 031904 жылы Нью-Йоркте алғашқы жерасты метро желісі ашылды.
  • 041918 жылы Иркутск мемлекеттік университеті құрылды.
  • 051962 жылы Куба зымыран дағдарысы кезінде АҚШ пен КСРО ядролық соғыс қаупін бәсеңдетуге бағытталған келіссөздер жүргізді.
  • 061971 жылы Конго Республикасы Заир деп қайта аталды.
  • 071979 жылы Сент-Винсент және Гренадиндер Ұлыбританиядан тәуелсіздік алды.
  • 081984 жылы Байқал-Амур магистралі ашылды.
  • 091991 жылы Түрікменстан Кеңес Одағынан тәуелсіздігін жариялады.
  • 101999 жылы Армения парламентіне қарулы шабуыл жасалып, премьер-министр Вазген Саргсянды қоса алғанда сегіз адам қаза тапты.
  • 112008 жылы Швейцарияда әлемдегі бірінші жерасты метросы ашылды.

27 қазанда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар

  • 011953 жылы Мойынты — Шу темір жолы іске қосылды.
  • 022005 жылы Нұрсұлтан Назарбаев Татарстанның сол кездегі президенті Минтимер Шаймиевке Қазақстан Республикасы тұңғыш президентінің мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығын табыс етті.
  • 032006 жылы Алматыда "Батыс Желтоқсан" автомобильдер жол торабының салтанатты ашылу рәсімі өтті.
  • 042009 жылы Павлодар облыстық кітапханасында өткен кездесу барысында сазгер Кайырбек Сәтиевтің "Әнім әнге жалғассын" атты кітабының таныстырылымы өтті.
  • 052009 жылы Братислав қаласында Қазақстанның бас прокуратурасы мен Словакия бас прокуратурасы арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

27 қазанда әлемде дүниеге келген танымал тұлғалар

  • 011782 жылы италиялық скрипкашы, гитарашы және сазгер Никколо Паганини дүниеге келді.
  • 021858 жылы АҚШ-тың 26-президенті Теодор Рузвельт дүниеге келді.
  • 031927 жылы кеңес кинорежиссері және сценарий жазушы Александр Серый туды.
  • 041944 жылы кеңес кино және театрының актері Николай Караченцов дүние есігін ашты.
  • 051978 жылы британиялық скрипкашы және сазгер Ванесса Мэй туды.
  • 061982 жылы бразилиялық футболшы Рикарду Куарежма дүниеге келді.

27 қазанда Қазақстанда кім дүниеге келді

  • 011944 жылы суретші, бүкілодақтық ЛКЖО сыйлығының лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Кәміл Моллашев дүниеге келді.
  • 021946 жылы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің бұрынғы депутаты Уәлихан Бишімбаев дүниеге келді.
  • 031959 жылы ІІ дәрежелі "Даңқ" орденінің иегері Әбдірашид Жүкенов туды.
  • 041961 жылы заңгер, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының бұрынғы судьясы Қамбар Нұрышев дүниеге келді.