27 маусымда әлемде және Қазақстанда бірнеше мереке мен маңызды оқиғалар атап өтіледі. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Қазақстан басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Бүкіләлемдік балық шаруашылығы күні

1985 жылдың 27 маусымынан бастап әр жыл сайын Бүкіләлемдік балық шаруашылығы күні аталып өтеді. Бұл мереке Балық шаруашылығын дамыту және реттеу жөніндегі халықаралық конференцияның шешіміне сәйкес, Римде 1984 жылдың шілдесінде бекітілді.

Ресейде Жастар күні

Бүгін Ресейде Жастар күні мерекеленеді. Бұл мейрамның тарихы 1958 жылдың 7 ақпанынан сонау Кеңес одағы заманынан басталады. КСРО Жоғары кеңесі президиумының "Кеңес жастары күнін бекіту туралы" жарлығымен "Кеңес жастары күні" мейрамы бекітілген еді. Мереке маусым айының соңғы жексенбісінде тойланатын. 1993 жылы 24 маусымда КСРО ыдырағаннан кейін, Ресейдің бірінші президенті Б.Ельцин Жастар күнін 27 маусымға ауыстырды. Бұл күні Ресейдің түкпір-түкпірінде мерекелік шаралар, концерттер мен спорттық сайыстар, би кеші, байқаулар мен халықтық серуендер өтеді.

Банкоматтың туған күні

Сондай-ақ, бүгін – банкоматтың туған күні. Қолма-қол ақша беретін құрылғыны Джон Шеперд-Бэррон ойлап тапқан. Алғашқы банкомат Лондонда орнатылыпты, Barclay`s банкі үшін бұл құрылғы тым қымбатқа түсті: шамамен 18 мың доллар тұрған екен. Банкоматтар араға қырық жыл салып кеңінен қолданысқа енді.

27 маусымда әлемде болған тарихи оқиғалар

  • 011615 жылы шай алғаш рет Еуропаға импортталды;
  • 021905 жылы "Потемкин" брондалған кемесінде көтеріліс басталды;
  • 031931 жылы АҚШ-та өнертапқыш Игорь Сикорский алғашқы тікұшаққа патент алды;
  • 042010 жылы Исландияда бір жынысты неке туралы заң күшіне енді. Дәл сол күні елдің үкімет басшысы Йоханна Сигурдардоттир біржынысты некеге тұрды. Бұл әлемде ресми түрде тіркелген алғашқы біржынысты неке еді.

27 маусымда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар

  • 012000 жылы Қазақстан парламенті әлем парламентшілеріне "XXI ғасыр бейбітшілік пен адамгершілік ғасыры" атты үндеу қабылдады;
  • 022006 жылы Алматыда Қазақстан мен Ресей президенттерінің бастамасымен құрылған Еуразия даму банкі өз жұмысын бастады;
  • 032012 жылы Алматыда www.usynovite.kz интернет-порталы мен балалар деректерінің интернет-банкі ресми түрде ашылды;
  • 042012 жылы Ақтөбе маңында алғаш рет ежелгі темір ғасыры кезеңіндегі бірегей қорған табылды;
  • 052011 жылы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі еліміздің Ислам Конференциясы Ұйымына (ИКҰ) төрағалық етуіне арналған естелік номиналдық құны 1000 теңгелік банкнотты айналымға шығарды;
  • 062016 жылы Алматыда алғашқы паркоматтар пайда болды.

27 маусымда дүниеге келген танымал тұлғалар

  • 011884 жылы француз философы және өнертанушы Гастон Башляр өмірге келді;
  • 021949 жылы америкалық той көйлектері сәнгері, Vogue басылымының бұрынғы аға редакторы Вера Вонг туды;
  • 031966 жылы америкалық режиссер, продюсер, сценарийші (фильмдері: "Миссия невыполнима-3", "Звездные войны: Пробуждение силы") Джей Абрамс дүниеге келді;
  • 041975 жылы америкалық актер, "Алтын глобус" жүлдесінің лауреаты Тоби Магуайр өмірге келді (фильмдері: "Человек-паук", "Великий Гэтсби").

27 маусымда Қазақстанда кімдер туды

  • 011919 жылы домбырашы, күйші, композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Темірбек Ахметов дүниеге келді;
  • 021958 жылы танымал қазақстандық продюсер, музыкант, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Байғали Серкебаев өмірге келді;
  • 031983 жылы кәсіпқой боксшы Виталий Демьяненко дүниеге келді.