26 тамызда әлемде және Қазақстанда бірнеше мерекелер мен маңызды оқиғалар орын алған. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Әлемдегі мерекелер
АҚШ-та бүгін әйелдердің теңдігі күні аталып өтіледі. Бұл күн американдық саясаттанушы, заңгер, қоғам қайраткері, жазушы Белла Абзугтың бастамасымен 1971 жылы қабылданған. Сонымен қатар, Америка халқы ұлттық ит күнін де атап өтуде.
Намибияда бүгін Қаһармандар күні. Ұлттық мейрам 1966 жылғы Намибия соғысынан кейін аталып келеді. 12 жылдық соғыста елдің қаһармандары апартеид режиміне қарсы шыққан. Осы күні халық азат ету армиясының ветерандарына құрмет көрсетіліп, сан алуан мерекелік шаралар ұйымдастырылады.
26 тамызда әлемде болған тарихи оқиғалар
- 011728 жылы Витус Беринг Азия мен Америка аралығындағы бұғазды ашты;
- 021789 жылы Францияда "Адам және азамат құқықтары" декларациясы қабылданды;
- 031791 жылы АҚШ-та бірінші кеме патенттелді. Оның авторы - Джон Фитч;
- 041858 жылы телеграфпен алғашқы хабар жіберілді;
- 051952 жылы алғаш рет құбыр суын фторлау жүйесі енгізілді;
- 061972 жылы Мюнхенде ХХ жазғы Олимпиада ойындары ашылды. Өкінішке қарай, ол Израиль спортшыларына қарсы лаңкестік оқиғасымен тарихқа енді.
26 тамызда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар
- 011735 жылы Оңтүстік Жайықтағы Орь өзенінде Орынбор бекініс қаласы салынды. 1920-1924 жылдары Қырғыз (Қазақ) АКСР-ның астанасы болды;
- 021920 жылы Бүкілресейлік орталық атқару комитеті мен Халық комиссарлары кеңесі Қазақ автономиялық кеңестік социалистік республикасын құру жөнінде арнайы декрет шығарды;
- 032011 жылы Астанадағы Ұлттық теннис орталығына Азия теннис орталығы дәрежесі берілді;
- 042016 жылы Өскемендегі Үлбі металлургия зауытының аумағында Төмен байытылған уран банкі ғимаратының құрылысы басталды.
26 тамызда дүниеге келген танымал тұлғалар
- 011743 жылы француз химигі, қазіргі химияның және термохимияның негізін қалаушылардың бірі Лавузье Антуан Лоран дүниеге келді;
- 021910 жылы Нобель сыйлығының лауреаты Тереза ана дүниеге келді;
- 031941 жылы француздың кинорежиссері Барбет Шредер дүниеге келді;
- 041976 жылы ресейлік әнші Земфира (толық аты-жөні Земфира Талгаткызы Рамазанова) дүниеге келді;
- 051980 жылы америкалық актер Маколей Калкин дүниеге келді.
26 тамызда Қазақстанда кім туды
- 011935 жылы сәулетші, Қазақстанның еңбек сіңірген сәулетшісі Юрий Ратушный дүниеге келді;
- 021951 жылы медицина ғылымдарының докторы, доцент, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Анатолий Дерновой дүниеге келді;
- 031954 жылы кинорежиссер Қалықбек Салықов дүниеге келді.
