26 қыркүйекте әлемде бірнеше мереке мен есте қаларлық оқиға бар. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Дүниежүзілік контрацепция күні

11 жыл қатарынан репродуктивті денсаулық пен отбасын жоспарлау проблемаларымен айналысатын бірнеше ұйымның бастамасымен дүние жүзі контрацепция күнін атап өтіп келеді. Мерекенің жас болғанына қарамастан, контрацепциялардың пайда болғанына мыңдаған жыл өтіп кетті.

Аңыз бойынша мүшеқапты қозының қуығынан Крит Миностың әйелі жасаған. Ежелгі Африкада оны қолтырауын терісінен, ал Еуропада үй жануарларының ішегі мен мақтадан, ал Қытайда жібектен жасады. Әлбетте ол кезде бір мүшеқапты бірнеше рет пайдалануға болатын еді. Оларды әр пайдаланған сайын арнайы спермицид қоспасымен жуып, кептіріп, кейін қорабына салып қоятын болған.

Ескі достар күні

Күнтізбеге ресми енгізілмесе де, жүрекке жылы тиетін бір мереке бар. Ғалымдар қартайған шаққа дейін достасып, жандарына жақын адамдар таба білгендердің басқаларына қарағанда ғұмырлары ұзақ болатынын айтады. Сол себепті бұл ескі достарды тауып, олармен жүздесетін таптырмас себеп. Көңіл көтеріліп қана қоймай, оның денсаулыққа тигізер пайдасы мол. Әдетте бұл күн туралы көп айтыла бермейді. Қандай жағдай болса да, рөмкелердің иелерін демалыс күндерге дейін күте тұрғандары жақсы. Айтпақшы, сіз рөмке мен кішкене стақанның бір-бірінен қандай айырмашылығы барын білесіз бе? Айырмашылығы қарапайым: рөмкенің төменгі жағында қолмен ұстайтын бөлігі бар, ал стақанда жоқ.

26 қыркүйекте болған тарихи оқиғалар

  • 011887 жылы әлемде бірінші рет граммофон патенттелді;
  • 021960 жылы БҰҰ тарихында Фидель Кастро бәрінен ұзақ сөйледі — 4 сағат 29 минут;
  • 031977 жылы Украинаның бірінші атом станциясы Чернобыл АЭС бірінші рет тоқ берді;
  • 042008 жылы Моңғолияда Шыңғысханға арналған ірі ескерткіш ашылды.

26 қыркүйек күні Қазақстанда болған тарихи оқиғалар

  • 011970 жылы КСРО жоғарғы кеңесі президиумының қаулысымен Алматы жалпы әскери командалық училищесі құрылды;
  • 022001 жылы республика тәуелсіздігінің 10 жылдығына арналған Қазақстан кәсіпкерлерінің форумы өтті;
  • 032002 жылы ЮНЕСКО шеңберінде атап өтілетін ежелгі Ұлы Жібек жолы бойындағы мәдениет пен ғылым өркендеген көне Тараздың 2000 жылдығына арналған мерекелік шаралар басталды;
  • 042003 жылы Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетіне ұлттық мәртебе беру туралы Жарлыққа қол қойды;
  • 052012 жылы Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ "Аңшы бала" кинокартинасы ХХІ ашық фестивалі аясында "КиноМалыШок" байқауында "ең үздік" фильм атанды;
  • 062012 жылы халықаралық көрмелер бюросының Париждегі штаб-пәтерінде Қазақстан, Бельгия, Бразилия, Ресей, Таиланд, Түркия елдері делегацияларының EXPO-2017 және EXPO-2020 көрмелерін өткізу құқығы талқыланған достық кездесуі өтті;
  • 072015 жылы Миланда өткен "ЭКСПО-2015" көрмесінің Қазақстан павильонына келгендердің саны 8 миллионнан асты.

26 қыркүйекте әлемде дүниеге келген танымал тұлғалар

  • 011934 жылы кеңес кино және театр актері Олег Басилашвили дүниеге келді. Ол "Қызметтік роман", "Екі адамға арналған вокзал", "Күзгі марафон" фильмдерінде ойнаған;
  • 021940 жылы кеңес кино және театр актрисасы Людмила Максакова туды. (Ол "Жарқанат", "Он қарадомалақ" фильмдерінде ойнаған);
  • 031956 жылы әйгілі "Терминатор" және "Терминатор-2" фильмінде Сара Коннордың рөлін ойнаған Линда Гамильтон дүниеге келді. Сондай-ақ, ол "Кин-Конг тірі" фильмінде Эми Франклин рөлін сомдады.

26 қыркүйекте Қазақстанда кім дүниеге келді

  • 011908 жылы ақын Таир Жароков дүниеге келді;
  • 021938 жылы тарих ғылымының докторы, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері Тоқмұхамед Садықов дүниеге келді;
  • 031958 жылы ақын, Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Марфуға Бектемірова дүниеге келді.