Қазақстанның басым бөлігінде 26 қазанда ауа райы жауын-шашынсыз болады. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Алайда елдің солтүстігінде, оңтүстік-шығысында және орталығында жаңбыр мен қар жауып, солтүстікте көктайғақ болуы мүмкін. Бұл туралы «Қазгидромет» хабарлады.
Синоптиктердің болжауынша, ел аумағының басым бөлігі кең антициклонның ықпалында болады. Соған байланысты ауа райы жауын-шашынсыз болады. Республика бойынша тұман түседі.
Батыс, оңтүстік, шығыс және оңтүстік-шығыс өңірлерде жел күшейеді. Ал елдің батысы мен оңтүстігінде шаңды дауыл тұруы ықтимал.
Бірқатар өңірде үсік жүреді
Жетісу, Жамбыл және Алматы облыстарында, Түркістан облысының батысы мен солтүстігінде, сондай-ақ Қызылорда облысының солтүстігі мен орталығында 2–11 градусқа дейін үсік жүреді.
Өрт қаупі сақталады
Маңғыстау облысында, Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында, батысы, оңтүстігі мен шығысында, Ақтөбе облысының шығысында, Қызылорда облысының солтүстігінде, Жамбыл облысының солтүстігі, оңтүстігі мен шығысында, Қостанай облысы мен Жетісу облысының оңтүстігінде жоғары өрт қаупі болады деп болжанып отыр.
Сондай-ақ Алматы облысының батысында, оңтүстігі мен шығысында, Түркістан облысының батысы, солтүстігі, орталығы мен тау бөктеріндегі аудандарында жоғары өрт қаупі сақталады.
Ал Қызылорда және Атырау облыстарында, Ақтөбе облысының батысы, оңтүстігі мен орталығында, Қарағанды облысының батысында, Маңғыстау облысының орталығында, Ұлытау облысының батысы мен орталығында және Жетісу облысының шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
