26 қазанда әлемнің бірқатар елінде мерекелер мен есте қаларлық оқиғалар атап өтіледі. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Әлемдегі мерекелер
АҚШ, Еуропа және Латын Америкасының кейбір мемлекеттері 26 қазанда Халықаралық ене күнін атап өтеді. Бастапқыда бұл күн әзіл ретінде атап өтілген, кейін көпшіліктің көңілінен шығып, күнтізбеге мереке ретінде енгізілген. Бұл күні әр күйеу бала енесіне өзіне тамаша жар бола білген қызды тәрбиелеп бергені үшін алғыс айтып, сыйлық сыйлайды.
26 қазан мен 7 қараша аралығында Әзербайжанда халықаралық анар мерекесі өтеді. Осы мерекемен байланысты маңызды шаралардың барлығы Гейчай қаласында ұйымдастырылады. Мереке қарсаңында тұрғындар қаланы безендіріп, дәстүрлі анарлар жәрмеңкесіне дайындалады. Емшілер мереке кезінде халыққа анардың пайдасы мен оның қандай ауру кезінде ем екенін айтып береді.
Сонымен қатар, бүгін Австрия мемлекетінің ұлттық күні. 1955 жылы осы күні аталған мемлекет кеңес әскерін мемлекет территориясынан шығарған.
Әлемдегі тарихи оқиғалар
- 011492 жылы грифельді қарындаш алғаш рет қолданыла бастады.
- 021824 жылы Мәскеуде Кіші театрдың ашылу салтанаты өтті.
- 031825 жылы АҚШ-та Эри каналы ашылып, Ұлы көлдер аймағын Гудзон өзені арқылы Атлант мұхитымен байланыстыратын су жолы іске қосылды.
- 041863 жылы Англияда Футбол қауымдастығы құрылып, футболдың бірыңғай ережелерін қалыптастыруға негіз қаланды.
- 051900 жылы Нью-Йоркте бірінші метрополитен ашылды.
- 061917 жылы Бразилия Бірінші дүниежүзілік соғыста Германияға қарсы соғыс жариялады.
Қазақстандағы тарихи оқиғалар
- 011964 жылы Қазақстан компартиясы орталық комитеті мен республика министрлер кеңесі Целиноград медициналық институтын құру туралы шешім қабылдады.
- 021969 жылы "Гүлдер" эстрадалық жастар ансамблі ашылды.
- 032005 жылы жазушылар үйінің мәжіліс залында Қытай мен Моңғолиядан келген қандастарымыздың бастамасымен жарыққа шыққан "Үн" атты әдеби журналдың таныстырылымы өтті.
- 042006 жылы Оралда Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті табиғи-географиялық факультеті ғимаратына белгілі ғалым-педагог, биология ғылымдарының докторы Есенбай Ағелеуовтің құрметіне мемориалдық тақта орнатылды.
- 052009 жылдың 6 қаңтарында Қазақ медицина академиясы "Астана медициналық университеті" АҚ болып қайта құрылды.
- 062010 жылы Алматы облысында Талдықорған-Үштөбе тасжолындағы Қаратал өзені арқылы өтетін көпір құрылысы аяқталды.
- 072010 жылы мемлекет басшысының Бельгия Корольдігіне жасаған ресми сапары аясында Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы мен ұсынысы бойынша тараптар Қазақстан мен Бельгия арасындағы іскерлік кеңес құру туралы шешім қабылдады.
- 082015 жылы Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрлігі Италияның мұрағатынан Дешті Қыпшақ кезеңінде жазылған "Кодекс куманикустың" электронды нұсқасын елге әкелді.
26 қазанда дүниеге келген танымал тұлғалар
- 011880 жылы орыс жазушысы, сыншы, ақын Андрей Белый дүниеге келді.
- 021914 жылы кинематография саласына бала жұлдыз ретінде енген актер Джеки Куган туды. Ол Чарли Чаплинмен бірге жұмыс істеген.
- 031916 жылы Францияның бұрынғы президенті Франсуа Миттеран дүниеге келді. Ол 1981–1995 жылдары елді басқарды.
- 041919 жылы Иранның соңғы шахы Мұхаммед Реза Пехлеви дүниеге келді.
- 051925 жылы балалар жазушысы Владимир Железников туды.
- 061947 жылы АҚШ-тың бірінші ханымы Хиллари Клинтон дүние есігін ашты.
- 071959 жылы Боливияның бұрынғы президенті Эво Моралес дүниеге келді.
26 қазанда Қазақстанда дүниеге келген тұлғалар
- 011904 жылы мемлекет және қоғам қайраткері Нұртас Оңдасынов дүниеге келді.
- 021929 жылы ғалым, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Құбығұл Жарықбаев туды.
- 031954 жылы қазақстандық мемлекеттік қайраткер және дипломат Ерғали Бөлегенов дүние есігін ашты.
- 041955 жылы геология-минералогия ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы минералдық ресурстар академиясының академигі Болат Өжікенов дүниеге келді.
- 051964 жылы бұрынғы ҚР парламенті сенатының депутаты Еділ Мамытбеков туды.
