26 маусымда әлемде және Қазақстанда бірнеше маңызды мерекелер мен тарихи оқиғалар атап өтіледі. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Халықаралық нашақорлық пен есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес күні
Бүгін – Халықаралық нашақорлық пен есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес күні. Атаулы күнді БҰҰ Бас ассамблеясы 1987 жылдың 7 желтоқсанында енгізген. 1987 жылғы "Нашақорлық пен есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес жөніндегі халықаралық конференцияның" нұсқауымен осы күн таңдалды.
Халықаралық азаптау құрбандарына қолдау көрсету күні
Сонымен қатар бүгін – БҰҰ-ның Халықаралық азаптау құрбандарына қолдау көрсету күні. Атаулы күннің мақсаты – азаптауларды түп-тамырымен жойып, адамның ар-намысын аяққа таптайтын басқа да іс-әрекеттер мен жазаларға қарсы 1984 жылғы конвенцияның (1987 жылдың 26 маусымында күшіне енген) тиімді іске асуын қамтамасыз ету. Азапқа ұшыраған адамдарға көмектесу үшін арнайы бағдарламаларды уақытылы жүзеге асыру керек. Бүкіл әлемдегі оңалту орталықтары көрсеткендей, азапқа ұшыраған жандар басынан өткен сұмдық жайттарды ұмытып, құлан таза айыға алады. БҰҰ Жоғарғы комиссары басқармасының аясында қызмет ететін азаптау құрбандарына арналған БҰҰ қайырымдылық қоры азапқа ұшыраған жандардың проблемасын шешіп, құрбандар мен олардың отбасына қаражат бөлумен айналысады.
Тіс щеткасының туған күні
Сондай-ақ бүгін – Тіс щеткасының туған күні. Біз күнделікті пайдаланатын заттың қайдан шыққаны туралы ойлана бермейміз, алайда тіс щеткасының да шығу төркіні, даму және өзгеру тарихы бар. Ғалымдар мен тарихшылар анықтағандай, тіс щеткасы сонау 1948 жылы алғаш рет жасалған. Өнертабысты алғаш қолданған қытайлар, олар тіс тазалайтын арнайы таяқшаны пайдаланыпты. Ал тіс щеткасының өнеркәсіптік өндірісін 1780 жылы ағылшын Вильям Эдис қолға алды. Бұл айтулы оқиға 26 маусымда болған, сол себепті Тіс щеткасының туған күні ретінде осы күн таңдалыпты.
26 маусымда әлемде болған тарихи оқиғалар
- 011925 жылы Голливудта Чарли Чаплиннің "Алтын безгек" фильмінің тұсаукесері болды;
- 021979 жылы Мұхамед Әли бокстан кететінін мәлімдеді;
- 031982 жылы америкалық ұлттық футбол лигасы кокаинді спортқа төніп тұрған басты қауіп-қатер деп атады;
- 042015 жылы АҚШ жоғарғы соты Конституцияға өзгерту енгізіп, барлық елу штатта бір жынысты некеге рұқсат берді.
26 маусымда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар
- 011929 жылы Алматы зооветеринарлық институты мен Қазақ ауыл шаруашылығы институттарының базасында Қазақ ұлттық аграрлық университеті құрылды;
- 021996 жылы Нұрсұлтан Назарбаев "Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы" заңға қол қойды;
- 032011 жылы Астанада Бейбітшілік және келісім сарайы маңындағы саябақта Журналистер аллеясы ашылды;
- 042012 жылы Алматыда Etzooke студенттер командасы өздері құрастырған "Архангел" ұшқышсыз ұшу аппаратын ұшырып көрсетті;
- 052014 жылы Түркістан облысының Сайрам ауданында кабель және сым шығаратын кәсіпорын ашылды.
26 маусымда әлемде дүниеге келген танымал тұлғалар
- 011941 жылы кеңес мәнерлеп сырғанаушысы, КСРО-ның алты дүркін чемпионы Тамара Москвина дүниеге келді. КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері (1969). Мәнерлеп сырғанаудан кеңес және ресейлік бапкер. РФ еңбек сіңірген өнер қайраткері (1994). РФ еңбек сіңірген дене шынықтыру қызметкері (2002);
- 021968 жылы итальян футболшысы, бірнеше жыл Италия құрамасы мен "Милан" клубының капитаны болған Паоло Мальдини дүниеге келді;
- 031970 жылы америкалық кино актері Крис О’Доннелл дүниеге келді ("Құштарлық анатомиясы", "Теңіз полициясы");
- 041972 жылы канадалық әнші, актер, "Нотр-Дам де Пари" мюзиклінің түпнұсқасында Квазимодо рөлін сомдаған Гару дүниеге келді.
26 маусымда Қазақстанда кім туды
- 011926 жылы Қазақстанның халық ұстазы, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі, Көкшетау қаласының құрметті азаматы Қожахмет Балахметов дүниеге келді;
- 021930 жылы заң ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Ұлттық ғылым академиясының академигі, Қазақстанның еңбек сіңірген заңгері, прокуратура қызметкері Ғайрат Сапарғалиев дүниеге келді;
- 031936 жылы техника ғылымдарының докторы, Қарағандының құрметті азаматы, Қазақстан өнеркәсібінің еңбек сіңірген қызметкері, Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығының иегері Дымкеш Мұқанов дүниеге келді;
- 041946 жылы химия ғылымының докторы, профессор, Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығы және Қаныш Сәтбаев атындағы сыйлықтың иегері Зұлхайыр Мансұров дүниеге келді;
- 051950 жылы экономика ғылымдарының докторы, Халықаралық экология, адам және табиғат қауіпсіздігі ғылымдары академиясының академигі, Қазақстан әлеуметтік ғылымдар академиясының академигі Аманқұл Серікбаев дүниеге келді.
