25 тамызда әлемде және Қазақстанда бірнеше мереке мен маңызды оқиғалар атап өтіледі. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Әлемдегі мерекелер
Бүгін Бразилия армиясы әскер күнін атап өтеді. Бұл күн 1803 жылы 25 тамызда дүниеге келген бас әскери қолбасшы, маршал Луис Алвес де Лима э Сильваның құрметіне белгіленген. Ол 60 жылдан астам әскери борышын өтеп, Бразилия мемлекетінің нығаюына үлес қосты. 1961 жылы оған Бразилия армиясының жебеушісі атағы берілді, ал 1869 жылы Парагвайдағы соғыстағы ерлігі үшін Каксиас герцогі дәрежесіне ие болды. 1923 жылы оның туған күніне орай Бразилияда әскер күні мерекесі енгізілді. Оның құрметіне Дуке де Каксиас және Каксиас до Сул қалалары аталған.
Сондай-ақ, бүгін әлемде Жарқанат түні атап өтіледі. Бұл мерекенің мақсаты – жұртшылық назарын жарқанаттар проблемасына аудару және олар туралы аңыздарды жою.
Бүгін консерві банкасының туған күні де атап өтіледі. 1810 жылы британдық өнертапқыш Питер Дюран ет, балық, көкөніс және сүтті қалайы банкаларда сақтауға мүмкіндік беретін консервілеу әдісін патенттеген.
Украина авиация күнін, Уругвай Тәуелсіздік күнін, Франция Парижді азат ету күнін атап өтеді.
25 тамыздағы тарихи оқиғалар
- 011609 жылы Галилео Галилей әлемдегі алғашқы телескопты таныстырды.
- 021793 жылы Марсель қаласын революцияшыл француз әскерлері басып алды.
- 031825 жылы Уругвай Бразилиядан тәуелсіздігін алды.
- 041912 жылы Қытайда Гоминьдан партиясының негізі қаланды, оны Сунь Ятсен басқарды.
- 051919 жылы Лондон – Париж тұрақты әуе бағыты іске қосылды.
- 061921 жылы АҚШ пен Германия арасындағы бейбітшілік келісіміне қол қойылды.
- 071939 жылы Польша мен Ұлыбритания арасындағы әскери ынтымақтастық туралы заңға қол қойылды.
- 081940 жылы Англияның әскери әуе күштері Берлинге шабуыл жасады.
- 091960 жылы Римде XVII Олимпиада ойындары басталды.
- 101973 жылы әлемде алғаш рет томограф кескіні алынды.
- 111978 жылы Испания өлім жазасын алып тастады.
- 121990 жылы Абхазия Грузиядан тәуелсіздігін жариялады.
- 131992 жылы КСРО президенті Михаил Горбачев КОКП-ны таратуды ұсынды.
Қазақстандағы оқиғалар
- 011994 жылы Алматыда Неміс үйі ашылды.
- 021995 жылы Алматыда теннистен Президент кубогы басталды.
- 032005 жылы Алматыда Қазақстан энергетиктерінің алғашқы кеңесі өтті.
- 042005 жылы "Жеті Жарғы" баспасы ҚР Конституциясының 10 жылдығына арналған заңнамалық актілер жинағын шығарды.
- 052009 жылы елордада Nur Otan партиясының орталық аппаратында Қазақстан әйелдері ұйымдарының форумы өтті.
- 062010 жылы Ақордада Нұрсұлтан Назарбаев Татарстан президенті Рустам Миннихановпен кездесті.
- 072011 жылы Атырауда газ-химиялық кешен құрылысы туралы келісімге қол қойылды.
25 тамызда дүниеге келген тұлғалар
- 011049 жылы ағылшын жазушысы Мартин Амис.
- 021530 жылы Иван Грозный.
- 031841 жылы швейцариялық дәрігер Кохер Теодор.
- 041862 жылы Procter & Gamble негізін қалаушы Уильям Проктер.
- 051930 жылы британ актері Шон Коннери.
- 061938 жылы ағылшын жазушысы Фредерик Форсайт.
- 071941 жылы актриса Маргарита Терехова.
- 081951 жылы әртіс Татьяна Клюева.
- 091958 жылы америкалық режиссер Тим Бертон.
- 101970 жылы модель Клаудия Шиффер.
Қазақстанда бұл күні 1892 жылы режиссер Жұмат Шанин, 1918 жылы ақын Қайнекей Жармағамбетов, 1925 жылы жазушы Қалмұқан Исабай, 1936 жылы ақын Марфуға Айтқожина, 1978 жылы Әділбек Сәрсембаев дүниеге келген.
