24 тамызда әлемде және Қазақстанда бірнеше мереке мен есте қаларлық оқиғалар орын алады. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Мерекелер
АҚШ-та бүгін Ұлттық вафли күні тойланады. Мерекенің тарихы 1869 жылдың 24 тамызынан басталады. Сол күні америкалық Корнелиус Свартхаут тәтті тағамды жасауға мүмкіндік беретін табаны патенттеді. Осылайша, вафли жасалды. 42 жылдан соң, оның электронды нұсқасы қолданысқа енді. Америкалық вафли арнайы таба астымен үстінен қатар қуырылып, түрі араның ұяшықтарына ұқсас келеді. Дайын болған соң вафлидің үстінен әртүрлі сироптар құюға болады.
Украинада бүгін тәуелсіздік күнін тойлайды. Бұл қазіргі Украина мемлекетінің құрылған күні болып саналады.
Қырғызстанда Ішкі әскери күні аталып өтеді, Грузияда – Конституция күні. Эстонияда – 18 ғасырдан бері келе жатқан күздің басталуы тойланатын – Пяртель күні.
Бүгін – картофель чипсиінің туған күні. 1853 жылы АҚШ-та Саратога-Спрингс қалашығында ресторатор – шеф-повар Джордж Крам (George Crum) алғаш рет картоп чипсиін дайындады. Мейрамхана келушілерінің бірі қуырылған картоп қабығының аздау күйдірілгеніне өкініш білдіргенін көрген соң, Грам картопты өте жіңішке қылып кесіп, картопты қуырудың жаңа әдісін ойлап шығарды. Кейін Джордж Крам өз бизнесінің негізін қалап, байлыққа кенеледі.
24 тамызда әлемде болған тарихи оқиғалар
- 011814 жылы Британ әскерлері Вашингтонды басып алып, Ақ үй мен Капитолийді өртеді.
- 021821 жылы Мексиканың тәуелсіздігін бекіткен Кордова келісіміне қол қойылды.
- 031904 жылы Ресейде денесіне зақым келтіріп жазалау әдісі жойылды.
- 041944 жылы Парижді азат ету операциясы басталды.
- 051949 жылы НАТО-да білім беру туралы келісімшарт күшіне енді.
- 061981 жылы атақты ұлыбританиялық әнші, The Beatles тобының мүшесі Джон Леннонды өлтірген Марк Дэвид Чепменға өмір бойы түрмеде отыру жазасы кесілді. Оған 20 жылдан соң рақымшылық туралы өтініш жазуға құқық берілді.
- 071991 жылы Украина тәуелсіздігін жариялады.
- 081995 жылы Windows 95 операциялық жүйесі жасап шығарылды.
- 092006 жылы Плутон Күн жүйесіндегі планеталардың бірі саналмайтын болып, шағын ғаламшарлардың қатарына жатқызылды.
- 102008 жылы Қытай астанасы Бейжіңде XXIX жазғы Олимпиада ойындарының жабылу рәсімі өтті. 2008 жазғы Олимпиада кезінде спорттың 28 түрі бойынша 302 медаль ойнатылды. 51 алтын, 21 күміс, 28 қоламен жалпы есепте Қытай бірінші орынды иеленді.
24 тамызда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар
- 011992 жылы Қарағанды облысында Кенесары ханның қолбасшысы Ағыбай Қоңырбайұлының туғанына 190 жыл толуы аталып өтті.
- 021996 жылы Алматы облысында Сүйінбай атындағы әдеби-ескерткіш музейі ашылды.
- 031998 жылы композитор Нұрғиса Тілендиевке Қазақстан Президентінің Жарлығымен "Халық Қаһарманы" атағы берілді.
- 042005 жылы Иманғали Тасмағамбетовтың "Ұлы дала кентаврлары" кітабы Мәскеу қаласындағы "Кітап өнері" халықаралық байқауында гран-при сыйлығына ие болды.
- 052012 жылы Маңғыстау облысында "Жеқазған-Бейнеу" темір жол желісін салу басталды.
- 062016 жылы Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев ресми сапармен Сербия астанасы Белградқа барды. Сапар барысында елбасы Сербия Православ шіркеуінің жоғары наградасы – І дәрежелі Қасиетті Савва Орденімен марапатталды.
- 072016 жылы Қазақстан армиясы елімізде шығарылған "Арлан" алғашқы брондалған машиналарымен жабдықталды.
- 082016 жылы Белградтың орталық көшесінің бірінде қазақтың ұлы ақыны Жамбыл Жабаевтың мүсіні ашылды.
- 092016 жылы халықаралық олимпиада комитетінің президенті Томас Бах қазақстандық танымал боксшы Геннадий Головкинге айрықша олимпиадалық төсбелгісін жолдады.
24 тамызда дүниеге келген танымал тұлғалар
- 011899 жылы аргентиналық жазушы, ақын және эссеист Хорхе Луис Борхес дүниеге келді.
- 021928 жылы кеңес және ресейлік театр және кино актері Владимир Кадочников дүниеге келді. Ол халық арасында танымал "Белое солнце пустыни" фильмінде әскери қызметкер (подпоручик) Семеннің рөлін сомдады.
- 031929 жылы Палестинаның саяси қайраткері, Палестинаны азат ету ұйымының бұрынғы төрағасы Ясир Арафат дүниеге келді.
- 041938 жылы кеңес дәуірінің театр және кино актрисасы Джемма Осмоловская дүниеге келді.
- 051947 жылы Рио-де-Жанейро қаласында бразилиялық жазушы және ақын Пауло Коэльо дүниеге келді.
- 061948 жылы француз композиторы және электронды музыка пионері Жан-Мишель Жарр дүниеге келді.
- 071956 жылы кеңес дәуірінің театр, кино және жарнама актрисасы Татьяна Шишкова өмірге келді.
- 081957 жылы британиялық жазушы, әртіс, сықақшы, режиссер, тележүргізуші Стивен Фрай дүниеге келді.
- 091958 жылы америкалық актер Стив Гуттенберг дүниеге келді.
- 101965 жылы америкалық актриса Марли Мэтлин дүниеге келді. Ол "Екінші жоспардағы ең үздік әйел рөлі" номинациясында "Оскар" алған.
- 111981 жылы америкалық актер Чад Майкл Мюррей дүниеге келді.
- 121988 жылы британдық актер Руперт Гринт дүниеге келді. Ол "Гарри Поттер" фильмдеріндегі Рон Уизли рөлімен танымал.
24 тамызда Қазақстанда кім туды
- 011949 жылы Қазақстан Республикасы суретшілер одағының мүшесі, суретші Ғани Баянов дүниеге келді.
- 021949 жылы мемлекет қайраткері Төлеген Сәрсембеков дүниеге келді.
- 031950 жылы Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры, ҚР Құрметті білім беру қызметкері Елена Дмитренко дүниеге келді.
- 041965 жылы Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов дүниеге келді.
- 051968 жылы Қарағанды облысы Теміртау қаласының экс-әкімі Ғалым Әшімов дүниеге келді.
