Бүгін – Біріккен Ұлттар ұйымы күні. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Бүгінде ұйым құрамында 193 мемлекет бар. БҰҰ – бітімгер ұйым, осы ұйымның жұмысының арқасында елдер арасындағы дау-жанжал, текетірестің алдын алу мүмкіндігі бар. Сондай-ақ, ол қиын жағдайда қалған мемлекеттерге қол ұшын созады. БҰҰ эмблемасы – бидай масақтарымен қоршалған жер шары.
Сондай-ақ, бүгін Ұлттық жүйкеге тию күні аталып өтеді. "Жүйкеге тию" тіркесін ежелгі заманның дәрігерлері ойлап тапқан екен. Өйткені ақхалаттылар жүйкені музыкалық аспаптардың ішегіне ұқсатқан.
Тағы бір қызықты мерекенің бірі – Мейірімді әрі жомарт бастықтар күні. Бұл күні жұмыстан ерте кетуге бола ма, болмай ма, басшылық сыйақы бере ме, бермей ме, – ол жағын біз білмейміз. Десе де бастығыңызды төл мерекесімен құттықтаған абзал, бәлкім, жолыңыз болып қалар.
Бүгін, сондай-ақ, Бүкіләлемдік дәретхана күні. Бұл мерекенің қалай тойланатыны бізге беймәлім. Тек осы маңызды дата туралы біліп жүрсеңіздер жеткілікті. Неге маңызды деген сұрақ туындап отыр ма? Себебі адам өз өмірінің үш жылын дәретханада өткізеді. Айтпақшы, осы орайда айта кететін бір қызықты факті – әлемдегі ең керемет унитаз таза алтыннан жасалған. Оны Гонконг зергерлерінің федерациясы елге турист тарту мақсатында жасапты.
24 қазанда әлемде болған тарихи оқиғалар
- 011648 жылы Отыз жылдық соғысты аяқтаған Вестфаль бітіміне қол қойылды;
- 021851 жылы астроном Уильям Ласселл Уран планетасының Ариэль және Умбриэль серіктерін ашты;
- 031857 жылы Англияда әлемдегі алғашқы футбол командасының негізі қаланды;
- 041901 жылы Энни Эдсон Тейлор Ниагара сарқырамасынан бөшкемен құлап, аман қалған алғашқы белгілі адам атанды;
- 051917 жылы Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде Капоретто шайқасы басталды;
- 061931 жылы Нью-Йорк пен Нью-Джерсиді жалғайтын Джордж Вашингтон көпірі ашылды;
- 071939 жылы АҚШ-та әлемде алғаш рет нейлон шұлықтар сатыла бастады;
- 081945 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысы күшіне еніп, БҰҰ ресми түрде құрылды;
- 091964 жылы Замбия Ұлыбританиядан тәуелсіздік алды;
- 102003 жылы "Конкорд" дыбыстан жылдам ұшатын жолаушылар ұшағы соңғы коммерциялық рейсін орындады;
- 112007 жылы Қытай Айды зерттеуге арналған алғашқы "Чанъэ-1" ғарыш аппаратын ұшырды.
24 қазанда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар
- 011931 жылы Риддер қаласында қазақ тіліндегі "Жұмысшы" газетінің алғашқы нөмірі жарық көрді;
- 021963 жылы Байқоңырда "Р-9А" құрлықаралық баллистикалық зымыранын сынақтан өткізу кезінде, жанармай құйылған зымыранның шахталық-іске қосу құрылғысында өрт шығып, 8 адам көз жұмды;
- 031996 жылы Алматыда жазушы Балғабек Қыдырбекұлы тұрған үйге ескерткіш тақта орнатылды;
- 042000 жылы Павлодарда ақын Сұлтанмахмұт Торайғыровқа ескерткіш ашылды;
- 052005 жылы Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтында пәтер үлгісіндегі жаңа студенттер үйі ашылды.
24 қазанда әлемде туған танымал тұлғалар
- 011862 жылы австриялық Swarovski хрусталь империясының негізін қалаушы Даниэль Сваровски дүниеге келді;
- 021911 жылы кеңестік театр, кино, эстрада әртісі, конферансье, театр режиссері, сықақшы Аркадий Райкин өмірге келді. Ленин жүлдесінің лауреаты (1980);
- 031939 жылы америкалық актер Ф. Мюррей Абрахам дүниеге келді. "Амадей" фильміндегі рөлі үшін "Оскар" сыйлығын алды;
- 041966 жылы ресейлік кәсіпкер, миллиардер, Чукотканың экс-губернаторы Роман Абрамович туды;
- 051985 жылы ағылшын футболшысы Уэйн Рунни дүниеге келді;
- 061986 жылы канадалық рэпер, әнші және актер Дрейк дүниеге келді.
24 қазанда Қазақстанда кімдер туды
- 011910 жылы ғалым, биология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Ғылым академиясының академигі, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері Темірбай Дарқанбаев өмірге келді;
- 021948 жылы ақын, Махамбет атындағы сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Қойшығұл Жылқышиев дүниеге келді;
- 031964 жылы бұрынғы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев дүниеге келді;
- 041968 жылы Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі Ержан Сәденов дүниеге келді;
- 051986 жылы энергетика вице-министрі Санжар Жаркешов дүниеге келді.
