Бүгін, 23 тамызда, әлемде бірнеше маңызды мерекелер мен еске алу күндері атап өтіледі. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Халықаралық құл саудасы құрбандарын еске алу күні

ЮНЕСКО бастамасымен 23 тамыз Халықаралық құл саудасы құрбандарын еске алу және оның көзін жою күні болып белгіленген. Бұл атаулы күн XVIII ғасырдың соңында Сан-Домингода болған құлдар көтерілісіне орай бекітілген. Сол кезеңнен бастап бүкіл әлемде құл саудасы жойыла бастады.

Құлдық пен құл саудасын адамзат бағзы заманда жойса да, бұл ұғым, өкінішке орай, қазіргі кезде де қоғамдық әрі гуманитарлық мәселелердің бірі болып отыр. Мамандандырылған және үкіметтік емес ұйымдардың мәліметіне сүйенсек, жыл сайын миллиондаған адам құлдыққа (еңбек құлдығы, секс-құлдық және тағы басқалары) тап болады. Әсіресе әйелдер мен балалардың құқығын таптау өршіп барады.

Қақтығыс болып жатқан өңірлер мен радикалды топтардың ықпалындағы облыстарда немесе әскери іс-қимыл жүріп жатқан жерлерде бұл проблема аса қауіпті – мұндай аймақтарда адам саудасы белең алып тұр. Сонымен бірге тұрмысы төмен отбасылар мен қараусыз қалған жандар да сондай қауіпке ұшырайды.

Еуропада сталинизм мен нацизм құрбандарын еске алу күні

Сондай-ақ бүгін Еуропада сталинизм мен нацизм құрбандарын еске алу күні аталып өтеді. Бұл күн 23 тамызда – Германия мен Кеңес Одағы арасындағы шабуылдамау туралы шартқа қол қойылған күні аталып өтеді. Оны 2009 жылы 2 сәуірде Еуропа парламенті бекіткен.

Еске алу күнін бекіту туралы ұсыныс 2008 жылы 3 маусымда Вацлав Гавел мен Еуропа парламенті мүшелері қол қойған "Еуропалық ар-намыс және коммунизм туралы Прага декларациясында" айтылған. 2008 жылы 23 қыркүйекте Еуропа парламентінің 409 мүшесі еске алу күнін бекітуді қолдайтын декларацияға қол қойды.

Декларацияда "сталинизм мен нацизмнің агрессия актілері негізінде жасалған, әскери қылмыс пен адамзатқа қарсы қылмысқа жататын жаппай қуғындау, өлтіру және құлдыққа салу" туралы жазылған. 2009 жылдың 2 сәуірінде Еуропа парламенті еске алу күні туралы заңды дауыс беру арқылы бекітті. 2009 жылдың шілде айында ОБСЕ парламент Ассамблеясы Вильнюсте өткен отырыс нәтижесі бойынша XX ғасырдағы тоталитарлық режимдер нацизм мен сталинизмді айыптайтын "Бытыраған Еуропаны біріктіру туралы" шешімді бірауыздан қолдады.

23 тамызда әлемде болған тарихи оқиғалар

  • 011799 жылы Ленинградта бакенбард қоюға тыйым салынды;
  • 021839 жылы ағылшын әскері Гонконгті басып алды;
  • 031904 жылы автомобильге арналған шина шынжыры патенттелді;
  • 041913 жылы Копенгагенде Андерсен ертегісіндегі су перісіне арналған ескерткіш ашылды;
  • 051928 жылы "Победа" кемесі іске қосылды;
  • 061939 жылы Германия мен Кеңес одағы арасында шабуылдамау туралы шартқа қол қойылды.

23 тамызда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар

  • 011996 жылы Алматыда Қырғыз Республикасының елшілігі ашылды;
  • 022002 жылы Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қарағандының құрметті азаматы атанды;
  • 032013 жылы Алматы облысының аумағында ҚР ҰҚК Шекара қызметінің "Шығыс" өңірлік басқармасы Қарасай шекара жасағының құрамында жаңа "Қаскелең" шекара бекеті салтанатты түрде ашылды;
  • 042017 жылы Солтүстік Қазақстан облысындағы "Әйелдерді қолдау орталығы" қоғамдық бірлестігінің жанында тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшырағандарға арналған баспана ашылды.

23 тамызда дүниеге келген танымал тұлғалар

  • 011754 жылы Бурбон әулетінен шыққан француз патшасы XVI Людовик дүниеге келді;
  • 021880 жылы орыс жазушысы, прозаик, романтикалық реализм бағытының өкілі Александр Грин дүниеге келді ("Алые паруса", "Бегущая по волнам", "Дорога в никуда");
  • 031910 жылы футболдан әлемнің екі мәрте чемпионы Джузеппе Меацца туды;
  • 041932 жылы Кеңес одағының мультфильм режиссері Давид Черкасский дүниеге келді ("Приключения капитана Врунгеля", "Остров сокровищ", "Доктор Айболит" мультфильмдері);
  • 051964 жылы ресейлік әнші, композитор және ақын, Ресейдің еңбек сіңірген әртісі Алена Апина дүниеге келді;
  • 061984 жылы "Ливерпуль" футбол клубының қорғаушысы Глен Джонсон дүниеге келді.

23 тамызда Қазақстанда кім туды

  • 011911 жылы қазақтың белгілі сатирик-жазушысы, аудармашы Жүсіпбек Алтайбаев дүниеге келді;
  • 021944 жылы ақын Ақұштап Бақтыгереева дүниеге келді;
  • 031957 жылы мемлекет қайраткері, педагог және заңгер, бұрынғы мәжіліс депутаты Гүлмира Исімбаева дүниеге келді;
  • 041967 жылы парламент сенаты төрағасының орынбасары Ольга Перепечина дүниеге келді;
  • 051969 жылы бұрынғы ауыл шаруашылығы вице-министрі Гүлмира Исаева дүниеге келді.