Бүгін, 23 шілдеде, әлемде бірнеше маңызды мереке атап өтіледі. Ең алдымен, Дүниежүзілік киттер мен дельфиндер күні. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Теңіз ортасы жануарларға бай, дегенмен адамдар киттер мен ақылды, кейде болжап болмайтын дельфиндерге ерекше жылулық танытады. Мереке 1986 жылы Киттер қасапқанасы халықаралық комиссиясы (International Whaling Commission: IWC) киттерді 200 жыл бойы аяусыз қырып-жоюдан кейін, оларды аулауға тыйым салғаннан бастап бекітілді. Тыйым әлемде киттерді аулауға, сондай-ақ оларды саудалауға рұқсат етілмейтіндігін білдіреді.

Айта кетерлігі, кейбір елдерде киттер мен дельфиндерді қорғау күні басқа күнге белгіленген. Айталық, Австралияда бұл мереке 2008 жылдан бастап маусымның бірінші сенбісінде аталып өтсе, америкалықтар 21 маусымда тойлайды. Кейде бұл күнді "Теңіз жануарларын қорғау күні" деп те атайды.

Оңтүстік Осетия Республикасында бүгін Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күні аталып өтеді. Мереке күні кездейсоқ таңдалмаған – 1906 жылдың 23 шілдесінде Владикавказда осетин тіліндегі алғашқы "Ирон газет" ("Осетин газеті") басылымы жарық көрді. Бүгінде елдегі бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері республика өміріндегі әлеуметтік-саяси және әлеуметтік-экономикалық оқиғаларды шынайы әрі сауатты түрде жариялап келеді. БАҚ мемлекет пен қоғам жүйесінде маңызды рөл атқарады, көп жағдайда қоғамдық пікірді қалыптастыруда анықтаушы фактор болып саналады. Республиканың барлық бұқаралық ақпарат құралының қызметкерлері өздерінің кәсіби мерекесінде достары мен әріптестерінен құттықтау қабылдайды, бұл күні салтанатты жиналыстар өткізіліп, айрықша көзге түскен қызметкерлерге мемлекеттік наградалар тапсырылады.

Мысырда бүгін 1952 жылғы революция күні аталып өтеді. Бұл мемлекеттік мереке 1952 жылы Мысырда болған Шілде төңкерісі деп аталатын оқиғаға арналады. Осы революцияның нәтижесінде елдегі ұлт-азаттық қозғалыс ұлғайып, ол Мысырдың тәуелсіз держава ретінде қалыптасуына ықпал етті.

23 шілдеде әлемде болған тарихи оқиғалар

  • 011951 жылы Францияда НАТО-ның штаб-пәтері ашылды;
  • 021972 жылы Жерді қашықтан зондтауға арналған алғашқы Landsat 1 жерсерігі ұшырылды;
  • 031979 жылы Иранның рухани басшысы аятолла Хомейни жастарды бұзатын музыканы трансляциялауға тыйым салды;
  • 041982 жылы киттерді коммерциялық мақсаттарда аулауға барлық жерде тыйым салу туралы шешім қабылданды;
  • 051983 жылы Шри-Ланка әскерінің 13 сарбазы "Тамил Илам азат ету жолбарыстары" ұйымы содырларымен шайқаста қаза болды. Шри-Ланкадағы азаматтық соғыстың басталуы;
  • 061995 жылы әйгілі Хейл — Бопп кометасы ашылды.

23 шілдеде Қазақстанда болған тарихи оқиғалар

  • 011992 жылы Қазақстан Колумбиямен дипломатиялық қарым-қатынас орнатты;
  • 021995 жылы президент Нұсұлтан Назарбаевтың "Жекешелендіру туралы" жарлығы шықты;
  • 031999 жылы бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейтін, Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес мемлекеттік кепілдіктер мен олардың бостандықтарын белгілейтін "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" Қазақстан Республикасының заңы қабылданды;
  • 042002 жылы Қазақстан мен Қытай арасында тату көршілік қарым-қатынас, достастық және серіктестік туралы Келісімге қол қойылды;
  • 052004 жылы Қазақстанда Мұнай сапасының деректер базасы құрылды;
  • 062009 жылы Қазақстанда Саяси шешімдер институты өз жұмысын бастады. Институттың мақсаты қандай да бір саяси мәселелерді шешудің дұрыс жолдарын тауып, ұсыну болып табылады;
  • 072022 жылы Алматыдағы жаңа алаңда 2022 жылғы қаралы қаңтар оқиғасына арналған "Тағзым" ескерткішінің ашылу рәсімі өтті.

23 шілдеде туған танымал тұлғалар

  • 011884 жылы голливудтық Warner Brothers кинокомпаниясының негізін қалаушы төрт ағайындының екіншісі Альберт Уорнер дүниеге келді;
  • 021884 жылы неміс актері, ең үздік ер адам рөлі үшін алғашқы "Оскар" жүлдесін иеленген Эмиль Яннингс дүниеге келді ("Анна Болейн", "Соңғы бұйрық" фильмдері);
  • 031976 жылы Ресей театр және кино актері, тележүргізуші, әнші Александр Олешко дүниеге келген. Тележүргізуші ретінде кеңінен танымал болды. "Рок-урок"; "Шпилька"; "Музыкальная элита"; "В тридевятом царстве"; "Алфавит"; "Большие"; "Домашние сказки"; "Минута славы"; "Мульстудия"; "Время обедать"; "Один в один"; "В наше время"; "Точь-в-точь"; "Остров Крым" бағдарламаларын жүргізді.
  • 041982 жылы америкалық актер және продюсер Пол Уэсли дүниеге келді. "Вампир күнделіктері" телехикаясындағы Стефан Сальваторенің рөлімен танымал.
  • 051989 жылы "Гарри Поттер" фильмдеріндегі басты рөлімен танымал болған америкалық актер Дэниел Рэдклифф дүниеге келді.

23 шілдеде Қазақстанда кімдер туды

  • 011884 жылы жазушы, драматург Тайыр Жомартбаев дүниеге келді;
  • 021947 жылы бұрынғы мәжіліс депутаты Төлеш Кенжин дүниеге келді;
  • 031952 жылы кинопродюсер, дыбыс режиссері Серік Жұбандықов дүниеге келді;
  • 041981 жылы онсайысшы, спорт шебері, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Дмитрий Карпов дүниеге келді.