23 қыркүйекте әлемде бірқатар маңызды оқиға болып, танымал тұлғалар дүниеге келді. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Сағыздың туған күні

Бүгін сағыздың туған күні тойланады. Бұл – "дәмді" мереке ғана емес, өнертапқыш Америкадан келген тұтас мәдениет. 1848 жылы талантты Джон Куртис үй жағдайында жүргізілген эксперимент арқылы кәмпитке ұқсайтын өнімді жасап шығарды. Алғашында ол шайырды пайдаланды, оған жеңіл хош иістендіргіштер қосты.

Содан кейін өнім жетілдірілді, әйгілі "Қант қосылған кілегей", "Лулу қызылмиясы" сағыздары осылай дүниеге келді.

Яндекс туған күні

Бүгін ресейлік "Яндекс" интернет-іздеу жүйесі де туған күнін атап өтеді. Компанияның тарихы 80-жылдардың соңынан басталды, ол кезде "Аркадия" IT-ұйымы жаңа іздеу технологияларын әзірлей бастады. Осы қызметтің нәтижесінде бірнеше бағдарлама жасалды. Бұл іздеу технологиясы "Yandex" деп аталды. Бұл жүйенің атауын 1993 жылы екі сыныптас – И. Сегалович пен А. Волож ойлап тапты. Нәтижесінде 1997 жылдың 23 қыркүйегінде Яндекс Мәскеудегі Softool IT-саласы көрмесінде таныстырылды.

23 қыркүйекте әлемде болған тарихи оқиғалар

  • 011873 жылы Санкт-Петербургте керосин шамдарының орнына әлемдегі алғашқы электр шамдары қолданылды;
  • 021939 жылы Нью-Йоркте Бүкіләлемдік жәрмеңке кезінде 5000 жылдан кейін ашылуы тиіс "Уақыт капсуласы" орнатылды;
  • 031980 жылы Северодвинск қаласында әлемдегі ең ірі суасты қайығы "Акула" суға түсірілді.

23 қыркүйекте Қазақстанда болған тарихи оқиғалар

  • 011992 жылы Қазақстан Республикасы мен Колумбия Республикасының арасында дипломатиялық қатынас орнады;
  • 021993 жылы Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан басшылары Орталық Азияда Экономикалық одақ құру туралы келісімге қол қойды;
  • 031994 жылы Ақмола университетіне Сәкен Сейфуллин есімі берілді;
  • 041998 жылы Алматыда кеңес және қазақ композиторы, Қазақ КСР-ның еңбек сіңірген өнер қайраткері, қазақ эстрада музыкасының дамуына үлес қосқан Әсет Бейсеуовке ескерткіш орнатылды;
  • 052005 жылы Ақтөбеде Әлия Молдағұлованың мемориалдық кешені ашылды;
  • 062009 жылы Талдықорғанда Қабанбай батыр ескерткіші салтанатты түрде ашылды.

23 қыркүйекте дүниеге келген танымал тұлғалар

  • 011861 жылы неміс инженері, өнертапқыш, Bosh фирманың негізін қалаушы Роберт Бош дүниеге келді;
  • 021926 жылы кеңестік театр және кино актері, сценарист, ақын Сергей Гурзо дүниеге келді ("Жас гвардия", "Батыл адамдар" фильмдері);
  • 031930 жылы ресейлік театр және кино актері, сценарист, ақын Иван Краско дүниеге келді ("Ақ флюгер", "Қызыл аралар", "Тайга императорының ақыры" фильмдері).

23 қыркүйекте Қазақстанда кім дүниеге келді

  • 011941 жылы жазушы, ақын-аудармашы Алдан Саин дүниеге келді;
  • 021961 жылы медицина ғылымының докторы, "Дарын" мемлекеттік сыйлығының лауреаты Нұрлан Арын дүниеге келді.