23 қазанда әлемде бірнеше мереке мен тарихи оқиға бар. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Қазақстан басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Моль күні
1991 жылдың 23 қазанынан бастап таңғы 06:02 мен кешкі 06:02 арасында химиктер Моль күнін атап өтеді. Бұл мереке Халықаралық бірліктер жүйесінде зат мөлшерінің өлшемін білдіретін бірлікке арналған. Осы шара туралы идея алғаш рет 1980-ші жылдары The Science Teacher газетінде жарық көрді. 1991 жылы 15 мамырда Prairie du Chien (Висконсин) қаласының химия пәні мұғалімі М. Ойлер осы идеяның негізінде Моль күнінің Ұлттық қорын құрды. Кейінірек химиктер осындай мерекені атап өтуді шешіпті. Күнді таңдағанда Авогадро санына сүйенсе керек — 6,02х1023. Цифрлар мерекенің күні мен уақытын көрсетеді.
Жарнама қызметкерлерінің кәсіби мерекесі
Ресейде бүгін жарнама қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтайды. Бұл мерекенің тарихы 1994 жылдан басталады. Сол кезден бері біздің санамызда "жарнама" деген ұғым пайда болды, оған дейін пиар-менеджер, маркетолог, креатив қызметкер сияқты мамандықтар жайында көп ешкім біле бермейтін.
Халықаралық қар барысы күні
23 қазанда қар барысы мекендейтін елдерде Халықаралық қар барысы күні аталып өтеді. Бұл мереке 2013 жылы Қырғызстан астанасы Бішкекте өткен қар барысын қорғау туралы Дүниежүзілік форумда қабылданған болатын. Мерекенің негізін қалаушылар осы күннің көмегімен қар барысы жануарын қорғауға, олардың тіршілік ететін мекендерінің проблемаларына қоғам назарын аударуды көздейді.
Әлемдегі тарихи оқиғалар
23 қазанда әлемде мынадай тарихи оқиғалар болды:
- 011814 жылы Еуропада алғаш рет пластикалық ота жасалды;
- 021914 жылы Мәскеуде Щукин театр училищесі ашылды;
- 031985 жылы Мәскеуде рок-зертхана құрылды;
- 041990 жылы Горький қаласының атауы Нижний Новгород болып өзгертілді.
Қазақстандағы тарихи оқиғалар
23 қазанда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар:
- 011961 жылы Ермак елді мекенінің атауы Ермак қаласы болып өзгерді (қазіргі Павлодар облысының Ақсу қаласы);
- 021992 жылы Қазақстанның әскери доктрина және әскери құрылыс Концепциясы қабылданды;
- 032003 жылы Астанада Дүниежүзілік және дәстүрлі діндер съезі басталды.
Әлемде дүниеге келген танымал тұлғалар
23 қазанда әлемде дүниеге келген танымал тұлғалар:
- 011920 жылы танымал итальян балалар жазушысы әрі журналист Джанни Родари дүниеге келді;
- 021932 жылы орыс жазушысы, "ауыл прозасының" ірі өкілдерінің бірі Василий Белов дүниеге келді;
- 031940 жылы бразилиялық футболшы, шабуылшы Пеле дүниеге келді;
- 041986 жылы британ актрисасы Эмилия Кларк (фильмдері: "Тақтар ойыны", "Терминатор: Генезис") дүниеге келді.
Қазақстанда дүниеге келген тұлғалар
23 қазанда Қазақстанда дүниеге келген тұлғалар:
- 011929 жылы ғалым, профессор, Қазақстан Ұлттық ғылымдар академиясының академигі, Қазақстан Ғылым академиясының Ш.Уәлиханов атындағы сыйлығының лауреаты Серік Мұхамеджанов дүниеге келді;
- 021950 жылы Қазақстанның ғылым академиясы Тарих және этнология институтының бас ғылыми қызметкері Жұлдызбек Абылхожин дүниеге келді.
