22 тамызда әлемде және Қазақстанда бірнеше маңызды мерекелер мен тарихи оқиғалар орын алды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Халықаралық дін және наным-сенім негізіндегі зорлық-зомбылық құрбандарын еске алу күні

Бүгін – Халықаралық дін және наным-сенім негізіндегі зорлық-зомбылық құрбандарын еске алу күні. Бұл мейрамды 2019 жылдың мамырында БҰҰ Бас Ассамблеясы бекіткен.

Тарихқа көз жүгіртер болса, діни немесе басқа наным-сенімге негізделген зорлық-зомбылыққа ұшырап, құрбан болған адамдар қаншама. Ежелгі Римдегі христиандарды қуғындау, Крест жорығы кезінде христиан рыцарьларының мұсылмандарды қырып-жоюы, католиктер мен протестанттар арасындағы қақтығыс және тағы басқалары.

БҰҰ Бас Ассамблеясы бұл атаулы күнді бекіту арқылы барлық мемлекеттік және үкіметтік емес ұйымды, барлық діни конфессия өкілдерін дін және наным-сенім негізіндегі зорлық-зомбылық құрбандары мен зардап шеккендерді еске алуға шақырады.

Ресейде Мемлекеттік ту күні

Ресейде бүгін Мемлекеттік ту күні аталып өтеді. Мереке алғаш рет 1994 жылы 22 тамызда тойлана бастады. Ресей президенті тарихи, дәстүрлі, үш түсті туды қайта қолданысқа енгізу туралы жарлыққа қол қойған болатын.

РФ мемлекеттік туы ақ, көк және қызыл түстен тұрады. Ақ түс тазалықты білдірсе, көк – адалдықтың немесе киелі Құдай ананың бейнесі, қызыл түс – орыс халқының кең пейілінің нышаны.

Үш түсті ту алғаш рет 1667 жылы Алексей Михайлович патшаның кезінде "Бүркіт" атты кемеге тігілген екен. Кейінірек Петр I заманында тудың ортасында екі басты бүркіт бейнелене бастады. Ал 1858-1883 жылдар аралығында Ресей туының түстері мүлдем өзгертіліпті: ақ, сары және қара.

Коми Республикасының құрылған күні

Сонымен бірге бүгін – Коми Республикасының құрылған күні. Ресми мереке әрі демалыс күнінде салтанатты жиындар, мерекелік концерттер өтіп, Коми Республикасы құрылған күнді халық жаппай тойлайды. 1921 жылы 22 тамызда Коми әуелі автономды облыс ретінде құрылып, кейін 1936 жылы РКФСР құрамындағы автономды республика мәртебесін алды.

Халық санағы деректері бойынша, республика құрылғаннан кейін бес жыл өткен соң тұрғындардың 90 процентінен астамы коми ұлты болды.

22 тамызда әлемде болған тарихи оқиғалар

  • 011851 жылы Австралияда алтын кен орындары табылды;
  • 021864 жылы алғашқы Женева конвенциясына қол қойылды;
  • 031865 жылы Уильям Шепперд сұйық сабынға патент алды;
  • 041910 жылы Жапония Кореяны аннексиялау туралы келісімге қол қойды;
  • 051932 жылы BBC сынақ түрінде телехабар таратуды бастады;
  • 061962 жылы Франция президенті Шарль де Голльге қастандық жасалды;
  • 071985 жылы Манчестерде Boeing 737 апатқа ұшырап, 55 адам қаза тапты;
  • 081988 жылы Австралияда коала бейнеленген алғашқы платина монета шығарылды;
  • 091990 жылы "Эхо Москвы" тәуелсіз радиостанциясы хабар тарата бастады;
  • 102002 жылы Таиланд билігі пілдерді қала ішінде жүріп-тұру үшін пайдалануға тыйым салды;
  • 112004 жылы Ресей мен Литва арасындағы тарихи шекара мәселесіне қатысты келісімдер күшіне енді.

22 тамызда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар

  • 011831 жылы Ақмола сыртқы округі мен Ақмола дуаны құрылды;
  • 021909 жылы Уфа қаласында ақын Міржақып Дулатовтың "Оян, қазақ!" атты өлеңдер жинағы жарық көрді;
  • 031930 жылы Қазақстан театр-студиясы құрылды;
  • 041989 жылы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі қабылдаған "Тіл туралы" заңға сәйкес, Қазақстанда қазақ тілі — мемлекеттік тіл мәртебесіне ие болды;
  • 052005 жылы Павлодар облысында кірпіш шығаратын кәсіпорын іске қосылды;
  • 062011 жылы елордалық гарнизон базасында "Барыс" түнгі іздеу тобы құрылды;
  • 072015 жылы Шығыс Қазақстан облысы Қатонқарағай ауданы Қарақаба жазығында Халықаралық түркі академиясы ұйымдастырған "Алтай - алтын бесігім" атты алғашқы халықаралық археологиялық экспедиция аяқталды;
  • 082017 жылы Арал маңындағы Қорқыт ата ескерткіш кешенінен қобыздың мүсіні табылды. Ғалымдар оны оғыздар дәуіріне жатқызды.

22 тамызда дүниеге келген танымал тұлғалар

  • 011920 жылы америкалық жазушы Рэй Брэдбери дүниеге келді;
  • 021974 жылы ресейлік актер, Татарстанның еңбек сіңірген әртісі, тележүргізуші Марат Башаров дүниеге келді;
  • 031988 жылы ресейлік футболшы, Ресейдің спорт шебері Артем Дзюба дүниеге келді;
  • 041995 жылы британ әншісі, модель Дуа Липа дүниеге келді.

22 тамызда Қазақстанда кім туды

  • 011946 жылы ақын, жырау, қазақ ауыз әдебиетінің өкілі Көшеней Рүстембекұлы өмірге келді;
  • 021947 жылы авиация генерал-майоры Тұрар Нұрғалиев дүниеге келді;
  • 031948 жылы медицина ғылымының кандидаты, Нью-Йорк ғылым академиясының мүшесі, АҚШ Ұлттық географиялық қоғамының мүшесі Болат Мырзалиев дүниеге келді;
  • 041948 жылы ғалым, техника ғылымдарының докторы Қанат Асаубаев дүниеге келді;
  • 051955 жылы жазушы, журналист, Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері Қуандық Түменбайұлы дүниеге келді;
  • 061966 жылы музыкалық дәріс беруші, Бүкілодақтық байқаудың лауреаты Жансұлу Жүзбаева дүниеге келді.