22 шілдеде Бүкіләлемдік ми күні аталып өтеді. Бұл датаны Дүниежүзілік неврология федерациясы бекіткен болатын. Неврология – орталық және периферикалық нерв жүйесінің, соның ішінде адамның жүйке жүйесінің басты органы – ми ауруларын анықтап, алдын алумен айналысатын медицинаның бөлімі. Соңғы жылдары бас миын зерттеуде елеулі прогресс байқалғанымен, ғалымдар үшін мидың жұмысы әлі де жұмбақ күйінде қалып отыр. Бүкіләлемдік ми күні, ең алдымен, халықты ми мен жүйке жүйесінің кең таралған ауруларынан хабардар етуге арналған. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Қазақстан басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
2017 жылы спортқа арналған халықаралық даталардың қатары тағы бір мерекемен толықты. 2018 жылдан бастап жыл сайын 22 шілдеде Халықаралық бокс күні аталып өтеді. Бокс (ағылшынның Boxing сөзінен шыққан) – екі спортшының былғары қолғап киіп, жұдырықтасатын спорт түрі. Жекпе-жек 12 раундқа созылады, ал рингтегі қарсыластардың айқасын төреші бақылайды. Жеңімпаз нокаут немесе техникалық нокаут кезінде анықталады. Егер белгіленген раундтан кейін жекпе-жек аяқталмаса, жеңімпазды төрешілер анықтайды. Бокстың қазіргі түрі Англияда 18 ғасырдың басында пайда болған, ал Олимпиада қозғалысынан кейін бокс 1920 жылы олимпиадалық спорт түрлерінің тізіміне енді.
22 шілдеде әлемде болған тарихи оқиғалар
- 011910 жылы Ясная Полянадағы өрт кезінде Лев Толстойдың қолжазбалары өртеніп кетті;
- 021922 жылы Германияға Олимпиадада өнер көрсетуге тыйым салынып, олар Лейпцигте осыған ұқсас ойындар өткізді;
- 031927 жылы Италияда "Рома" футбол клубы құрылды;
- 041944 жылы Халықаралық валюта қорының негізі қаланды.
22 шілдеде Қазақстанда болған тарихи оқиғалар
- 011822 жылы Ресей империясының "Сібір қазақтары туралы" жарлығы шықты;
- 021992 жылы Қазақстан мен Украина арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнатылды;
- 032014 жылы Алматы облысындағы Қаялық, Қарамерген, Талғар және Жамбыл облысындағы Ақтөбе Степнинское, Ақыртас, Құлан, Қостөбе, Өрнек ЮНЕСКО-ның әлемдiк мұралары тізіміне енді;
- 042015 жылы Алматының 1000 жылдығы ЮНЕСКО-ның мерейтойлық даталар тізіміне енгізілді.
22 шілдеде туған танымал тұлғалар
- 011596 жылы Романовтар әулетінен алғашқы орыс патшасы Михаил Романов дүниеге келді. 1613 жылдың 27 наурызынан (6 сәуірінен) патшалық етті. Орыс патшасы Алексей Михайловичтың әкесі;
- 021887 жылы неміс физигі, 1925 жылғы физика бойынша Нобель сыйлығының лауреаты Густав Герц дүниеге келді;
- 031938 жылы британдық актер, "Алтын глобус" сыйлығының лауреаты Теренс Стэмп дүниеге келді;
- 041951 жылы кеңестік және ресейлік әнші, композитор, ақын, актер, продюсер Олег Газманов өмірге келді. Ресейдің халық әртісі (2001);
- 051983 жылы ресейлік музыкант, рэп-орындаушы Децл (шын аты Кирилл Толмацкий) туды;
- 061992 жылы америкалық әнші, модель, актриса, продюсер, дизайнер Селена Гомес дүниеге келді.
22 шілдеде Қазақстанда кімдер туды
- 011939 жылы әйгілі қазақстандық эстрада әншісі, педагог, Қазақ КСР Халық әртісі, Қазақстанның Халық әртісі Лаки Кесоглу өмірге келді;
- 021943 жылы ақын, жазушы, Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Әлсейіт Ақпанбетұлы дүниеге келді;
- 031946 жылы жазушы, ақын Сейсен Мұхтарұлы туды;
- 041969 жылы премьер-министрдің орынбасары-ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин дүниеге келді.
