22 қыркүйекте әлемде бірнеше маңызды мереке мен тарихи оқиға тіркелген. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Әлемдегі мерекелер
**Автокөлікті пайдаланбау күні** — 22 қыркүйекте Францияда дүниеге келіп, бүкіл әлемге таралған. Алғаш рет бұл күнді Францияның 20 шақты қаласы атап өтті. 21 ғасырдың басында қозғалысқа тағы 35 ел қосылды. Жұртшылық ең болмағанда жылына бір рет бұл мәселеге назар аударатын болды, ал әлемнің ірі қалалары орталықта көлік мінуден бірте-бірте бас тартып, экологиялық троллейбустар мен трамвайларды пайдалана бастады.
**Дүниежүзілік пілдерді қорғау күні** — экологтар мен құрылықтағы ең ірі сүтқоректілер санының азаюына алаңдайтын адамдардың бастамасы бойынша белгіленген. Мерекені ұйымдастырушылар оны жыл сайын 22 қыркүйекте атап өтуді ұсынды. Бұл бастама кең таралып кетпеді, дегенмен әлемнің әртүрлі елдерінде бұл күні пілдердің азаю мәселесіне әлемдік жұртшылықтың назарын аудару мақсатында түрлі іс-шаралар ұйымдастырылады.
**Октоберфест** — 22 қыркүйекте Мюнхенде әлемдегі ең ірі сыра фестивалі басталады. Жыл сайын күзде 6 миллионнан астам қонақ аты аңызға айналған Тереза көгалында жиналып, 16 күн бойы көңіл көтереді.
Әлемде болған тарихи оқиғалар
- 011862 жылы АҚШ-та қара нәсілді құлдар босатылатыны жария етілді.
- 021869 жылы Австрияда әлемдегі алғашқы пошта ашықхаты шығарылды.
- 031951 жылы Швецияда қоғамдық орындарда сүйісуге тыйым салынды.
- 042010 жылы Израильде дінді ұстанбайтын азаматтар үшін азаматтық неке туралы заң күшіне енді.
Қазақстанда болған тарихи оқиғалар
- 011934 жылы Қазақ тау-кен металлургиялық институты құрылды.
- 021989 жылы Қазақ КСР-де "Тіл туралы" заң қабылданды. Бұл кезде Қазақстан әлі егемендігін алмаған, десе де осы құжатта ана тілінің қаншалықты маңызды екені алғаш рет жарияланды. Бүгінде бұл күні Қазақстан Республикасы халқының тілдері күні аталып өтеді.
- 031993 жылы Қазақстан Республикасы мен Бразилия Федеративтік Республикасы арасында дипломатиялық қатынастар орнату туралы ноталармен алмасу рәсімі өтті.
- 042009 жылы Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Шымкентте Тәуелсіздік монументінің ашылу салтанатына қатысты.
22 қыркүйекте дүниеге келген танымал тұлғалар
- 011791 жылы электромагниттік индукцияны ашқан ағылшын физигі Майкл Фарадей дүниеге келді.
- 021939 жылы жапон альпинисі, Эверестке шыққан алғашқы әйел Табеи Дзюнко дүниеге келді.
- 031951 жылы кеңес және латыш театр және кино актрисасы, балерина Регина Разума дүниеге келді ("Робин Гудтың жебесі" фильмі).
- 041976 жылы бразилиялық футболшы Роналдо дүниеге келді.
Қазақстанда 22 қыркүйекте дүниеге келген тұлғалар
- 011925 жылы соғыс және еңбек ардагері, қоғам қайраткері Ұзақбай Сыздықбаев дүниеге келді.
- 021950 жылы ақын, Халықаралық "Алаш" сыйлығының иегері Несіпбек Айтұлы дүниеге келді.
- 031953 жылы Техника ғылымының докторы, профессор Орал Әбдірахымов дүниеге келді.
- 041966 жылы Қазақстан Ұлттық паралимпиада комитетінің президенті Қайрат Боранбаев дүниеге келді.
