22 маусымда Қазақстан мен әлемде бірнеше маңызды мерекелер мен тарихи оқиғалар атап өтіледі. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Еске алу және аза тұту күні

2000 жылдың 22 маусымынан бастап бұл күн Еске алу және аза тұту күні деп бекітілді. 1941 жылы 22 маусымда Кеңес одағына фашистік Германия әскері басып кірген болатын. Соғыс салдарынан 26,6 миллион адам көз жұмды. 1710 қала қиратылып, 70 мыңнан астам елдімекен жермен-жексен етілді. Көптеген отбасы әлі күнге дейін жақындарының жерленген жері қайда екенін білмейді.

Латвияда ірімшік күні

Бүгін Латвияда ірімшік күні атап өтіледі. Бұл мерекені атап өту үшін барша Латвияның ірімшік өндірушілері бас қосады. Жұртшылық мерекені тамашалап, тәтті ірімшіктен дәм татуға жиналады. Ірімшіктің түр-түрінен ауыз тиіп қана қоймай, сатып алуға да болады. Бұл Латвия тұрғындарының ең сүйікті және асыға күтетін мерекелерінің бірі саналады.

Конгода әскер күні

22 маусымда Конгода әскер күні тойланады. Қазіргі таңда бұл континенттің барлық елінде әскер бар деп айтуға болады. Әскер күні бұл елде кәсіби мереке ретінде ресми түрде аталып өтеді.

Финляндияда ту күні

22 маусымда Финляндияда ту күні аталып өтеді. Ол негізі маусым айының жиырмасы мен жиырма алтысы аралығына келіп түседі. Биыл 22 маусым күні тойланады.

Әлемде болған тарихи оқиғалар

  • 011815 жылы Наполеон Бонапарт Ватерлоодағы жеңілісінен кейін тақтан бас тарту жарлығына қол қойды.
  • 021889 жылы Германия адамның жасына байланысты зейнетке шығуын енгізген Еуропадағы бірінші мемлекет болды.
  • 031941 жылы Ұлы Отан соғысы басталды.

Қазақстанда болған тарихи оқиғалар

  • 011992 жылы Қазақстан мен Қытай арасындағы темір жол магистралі ашылды. Халықаралық жолаушылар тасымалдайтын "Жібек жолы" поезы Алматыдан Үрімжіге аттанды.
  • 021999 жылы Петропавл қалалық театрының жанында Қарасай және Ағынтай батырлардың ескерткіші ашылды.
  • 032011 жылы Алматыдағы 28 гвардияшыл-панфиловшылар саябағында мемориалдық тақта ашылып, Ржев қаласында қаза тапқан 100-ші, 101-ші жеке атқыштар бригадасын еске алу мақсатында "Бауырластар зиратынан" әкелінген капсула жерге көмілді.

Дүниеге келген танымал тұлғалар

  • 011906 жылы америкалық кинорежиссер, төрт бірдей "Оскар" иегері Билли Уайлдер дүниеге келді.
  • 021947 жылы "Кавказская пленница" фильмінде басты рөлді сомдаған актриса Наталья Варлей дүниеге келді.
  • 031949 жылы америкалық актриса, үш бірдей "Оскар" иегері Мерил Стрип дүниеге келді.
  • 041950 жылы театр және кино актрисасы Светлана Крючкова дүниеге келді.

Қазақстанда туған тұлғалар

  • 011948 жылы КСРО және ҚР суретшілер одағының мүшесі, Украина суретшілер одағының және Еуропалық өнер орталығының құрметті мүшесі Амангүл Иханова дүниеге келді.
  • 021948 жылы актриса, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Нина Жмеренецкая дүниеге келді.