Бүгін, 21 тамызда, әлемде бірнеше айтулы мереке атап өтіледі. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Халықаралық терроризм құрбандарын еске алу күні
Бүгін – Халықаралық терроризм құрбандарын еске алу және қастерлеу күні. Бұл мереке 2017 жылдың желтоқсанында бекітілген болатын. Жаңа датаның мақсаты – терроризм құрбандары мен лаңкестіктен зардап шеккендерге жан-жақты қолдау көрсету. Адам құқықтарын қорғау, ұлттық және халықаралық деңгейлерде заңның үстем болуы терроризмнің алдын алу мен оған қарсы күресте маңызды рөл ойнайды. Бүгінде терроризм әлем елдерінің ортақ проблемасына айналды.
Ресейде Офицер күні
Ресейде Офицер күні аталып өтеді. Мерекенің пайда болғанына көп уақыт бола қойған жоқ. Бұл датаны бекіту бастамасын "Ресей офицерлері" қоғамдық ұйымы көтерген. Атаулы күн ресми мәртебеге ие болмаса да, гарнизондарда, әскери бөлімдер мен Офицерлер үйінде өткізілетін мерекелік шаралар саны жыл сайын артып келеді. Офицерлер құрамы – мемлекет армиясының бет-бейнесі, оның негізі мен тірегі. Командирлердің кәсібилігі, тәжірибесі мен сауатты тактикасына дисциплина мен тәртіп қана емес, армияның жауынгерлік дайындығы да байланысты. Ал бұл елдегі бейбітшілік пен тыныштық офицерлердің қолында деген сөз.
Филиппинде Ниной Акино күні
Сондай-ақ, бүгін Филиппинде Ниной Акино күні мерекеленеді. Мереке сенатор кіші Бенигно Акиноны еске алу құрметіне бекітілді. Саяси қайраткер 1983 жылы Манила халықаралық әуежайында қаза болған еді. 2004 жылы Акиноның көз жұмған күні ұлттық мереке және демалыс болып жарияланды.
Кіші Бенигно Симеон "Нино" Акино – филиппиндік сенатор және Тарлак провинциясының бұрынғы губернаторы. Президент және диктатор Фердинанд Маркостың саясатына қарсы оппозиция лидерлерінің бірі. Елде әскери жағдай енгізілгеннен кейін, Акино қамауға алынды. Біраз уақыт түрмеде жатқан соң, АҚШ-қа кетуге мәжбүр болды. Филиппинде саяси ахуал ушыға бастаған кезде, Акино елге келіп, Маркоспен кездесуге бел буады. Өз өміріне қауіп төніп тұрғанын сезген Акино ұшақтан түсер алдында үстіне бронежилет киеді. Алайда бұл оны құтқарған жоқ: оппозиционер 1983 жылы 21 тамызда басына оқ тиіп көз жұмды. Демократия үшін өмірін қиған Ниной Акиноны еске алу күні мемлекеттік деңгейде аталып өтеді.
21 тамызда әлемде болған тарихи оқиғалар
- 011860 жылы Британиялық Колумбияда (Канада) алтын табылды;
- 021911 жылы Леонардо да Винчидің "Мона Лизасы" Луврдан ұрланды. Картина екі жылдан кейін табылды;
- 031924 жылы Пушкин атындағы мемлекеттік қорық ашылды;
- 041932 жылы Италияның Венеция қаласында тұңғыш рет халықаралық кинофестиваль өтті;
- 051959 жылы Гавай аралдары АҚШ-тың құрамына елдің 50-ші штаты болып қосылды;
- 061968 жылы Варшава шарты елдерінің әскерлері Чехословакияға кірді. Бұл "Прага көктемі" реформаларының тоқтатылуына әкелді;
- 071986 жылы Камерундағы Ньос көлінде газ атқылап, шамамен 1700 адам қаза тапты;
- 081991 жылы Латвия тәуелсіздігін толық қалпына келтірді. Бұл КСРО-ның ыдырау үдерісіндегі маңызды оқиғалардың бірі болды.
21 тамызда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар
- 011947 жылы Семей полигонының орталығы болған Курчатов қаласы құрылды;
- 021991 жылы президент жарлығымен Қазақ КСР Қауіпсіздік кеңесі құрылды;
- 031992 жылы Қазақстан Халықаралық азаматтық авиация ұйымына кірді;
- 042000 жылы Алматыда украин халқының белгілі ақыны Тарас Шевченконың ескерткіші ашылды;
- 052012 жылы Астанада "Қазмедиа орталығы" телерадиокешені ашылды;
- 062015 жылы Ұлытауда Қазақ хандығының 550 жылдығына орай "Бұланты шайқасы" монументі ашылды;
- 072016 жылы Павлодарда Малайсары батырға ескерткіш орнатылды.
21 тамызда дүниеге келген танымал тұлғалар
- 011798 жылы француз тарихшысы, публицист Жюль Мишле дүниеге келді;
- 021871 жылы орыс жазушысы Леонид Андреев туды;
- 031921 жылы латвиялық театр және кино актрисасы Вия Артмане өмірге келді;
- 041952 жылы британдық музыкант, The Clash тобының әншісі әрі гитарисі Джо Страммер дүниеге келді;
- 051956 жылы америкалық актриса Ким Кэттролл туды;
- 061965 жылы канадалық актриса Келли Роуэн дүниеге келді;
- 071973 жылы америкалық миллиардер, Google негізін қалаушы Сергей Брин өмірге келді;
- 081987 жылы биатлоннан ресейлік олимпиада чемпионы Антон Шипулин туды;
- 091987 жылы америкалық баскетболшы Джордан Хилл дүниеге келді;
- 101989 жылы америкалық актриса Хейден Пэнеттьери дүниеге келді.
21 тамызда Қазақстанда кімдер туды
- 011889 жылы опера әншісі, Қазақстанның халық әртісі Александр Казакевич дүниеге келді;
- 021935 жылы баскетболдан КСРО және Қазақ КСР еңбек сіңірген бапкері Шора Юмашев өмірге келді;
- 031952 жылы техника ғылымдарының докторы, профессор, академик Абай Достияров дүниеге келді;
- 041964 жылы мемлекет қайраткері және дипломат, бұрынғы сыртқы істер министрі Ержан Қазыханов дүниеге келді;
- 051968 жылы жазушы-публицист, әдеби сыншы Амангелді Мырзабек туды.
