21 қыркүйекте әлемде Халықаралық бейбітшілік күні атап өтіледі. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
БҰҰ Бас Ассамблеясы елдердің бейбіт өмір сүруінің маңыздылығын ескере отырып, 1981 жылы нөмірі 36/67 резолюциясын шығарады, оған сәйкес жыл сайын қыркүйекте Халықаралық бейбітшілік күні тойланады.
Бұдан бөлек, 21 қыркүйек — Армения, Белиз бен Мальтада Тәуелсіздік күні, Уругвайда көктем күні, Бразилияда ағаш отырғызу күні.
21 қыркүйекте әлемде болған тарихи оқиғалар
- 011792 жылы Францияда корольдік билік жойылды;
- 021964 жылы Мальта Ұлыбританиядан тәуелсіздік алды;
- 031973 жылы "Иван Васильевич меняет профессию" кеңестік кинофильмінің тұсаукесері өтті;
- 041998 жылы АҚШ-та Моники Левинскидің ісі бойынша президент Билл Клинтоннан жауап алынған жазба көрсетілді.
21 қыркүйекте Қазақстанда болған тарихи оқиғалар
1989 жылы Қаз КСР 11-ші шақырылымдағы Жоғарғы кеңесінің XIV сессиясы өтті, онда "Республикадағы саяси реформаны әрі қарай жүзеге асыру бойынша іс-шаралар" қаулысы, "Қаз КСР Конституциясындағы (Негізгі заң) өзгерістер мен толықтырулар туралы", "Қаз КСР тілдері туралы", "Қаз КСР Халық депутаттары жергілікті кеңестерінің халық депутаттарын сайлау туралы" заңдары қабылданды, сайлау және халық депутаттарын кері шақыру бойынша Орталық сайлау комиссиясы құрылды.
1993 жылы Қазақстан мен Албания арасында дипломатиялық қарым-қатынас ортану жөніндегі нота алмасу өтті.
21 қыркүйекте дүниеге келген танымал тұлғалар
- 011866 жылы ағылшынның фантаст жазушысы Герберт Уэллс дүниеге келді;
- 021916 жылы кеңес одағының театр және кино актері, КСРО Халық әртісі Зиновий Гердт өмірге келді;
- 031947 жылы белгілі америкалық жазушы Стивен Кинг дүниеге келді;
- 041958 жылы кеңес одағының хоккейшісі, екі дүркін олимпиада чемпионы (1984 және 1988), КСРО еңбек сіңірген спорт шебері (1982) Александр Кожевников дүниеге келді.
21 қыркүйекте Қазақстанда кім туды
- 011903 жылы Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, кинорежиссер, драматург Вера Строева дүниеге келді;
- 021925 жылы Кеңес Одағының Батыры Серікқазы Бекбосынов дүниеге келді;
- 031964 жылы кеңестік және қазақстандық шаңғышы, Олимпиада чемпионы Владимир Смирнов дүниеге келді.
