21 қазанда әлемде бірқатар мереке мен тарихи оқиға аталып өтеді. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Ұлыбританияда Алма күні
Ұлыбританияда бүгін Алма күні аталып өтеді. Мереке 1990 жылдан бері, Common Ground қайырымдылық ұйымы Ұлыбританиядағы алма бақтарын құтқарумен айналыса бастаған кезден ағылшын дәстүріне айналды. Алма өмірдің, қуаныштың, молшылық пен табиғат жомарттығының символы саналады, сондықтан бұл көңілді мереке жыл бойы күш-қуат беріп отырады.
21 қазан күні ағылшын бағбандары қала жәрмеңкелерінде түрлі сұрыптардың жемістерін сата отырып, өз жетістіктерін паш етеді, питомниктер сирек алма ағаштары көшеттерін таратады, дүкендер сатып алушыларды алма ассортиментінің әр алуандығымен таңғалдырады, ал дәмхана, кондитерлік дүкендер және көше сауда дүңгіршектері келушілерге алма шырындарын ұсынады. Осы күні қала жәрмеңкелері алма өсіру бойынша шеберлік сағаттарына айналады. Үздік "алма" әңгімесіне конкурс жарияланады, қала тұрғындары алма нысанасына оқ атудан сайысқа түседі.
АҚШ пен Мексикада Халықаралық начос күні
АҚШ пен Мексикада жыл сайын 21 қазанда Халықаралық начос күні аталып өтеді. Бұл танымал мексикалық тіске басар – ірімшік және тұздықтармен сатылатын чипсы. Начос атауы Мексика мен АҚШ-та танымал осы тағамды ойлап тапқан мексикалық ресторатор Игнасио "Начо" Анайидің құрметіне берілген.
21 қазанда әлемде болған тарихи оқиғалар
- 011721 жылы Ресей ресми түрде империя атанды.
- 021879 жылы америкалық өнертапқыш Томас Эдисон өзінің алғашқы шамын сынақтан өткізді.
- 031923 жылы Мюнхенде әлемдегі алғашқы планетарий ашылды.
- 041992 жылы Мадонна жазған "Секс" кітабы сатылымға түсті.
21 қазанда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар
1868 жылы Ақмола облысы құрылды. Оның құрамына Көкшетау, Ақмола, Атбасар уездері, сондай-ақ Омбы және Петропавл қалаларында орналасқан Сібір казак әскерлерінің 1-ші, 5 және 6-шы полктарының бірқатар учаскелік округтері кірді.
1997 жылы Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев 10 желтоқсаннан бастап Ақмола қаласын елдің жаңа астанасы деп жариялау туралы жарлыққа қол қойды, кейінірек оның атауы Астана деп өзгертілді. Сол жылы Қазақстан Республикасы Жоғары тәртіптік кеңесі құрылды.
2011 жылы Қарағандыда қазақтың белгілі ғалымы, қоғам және мемлекет қайраткері Қаныш Сәтбаевқа ескерткіш орнатылды. Сол жылы Қостанай қаласында Тобыл өзені арқылы өтетін жаңа көпірде көлік қозғалысын ашу салтанаты өтті. Бұл көпір Қазақстандағы сегіз ірі көпірдің бірі болды.
21 қазанда дүниеге келген танымал тұлғалар
1833 жылы швед химигі, инженер, динамитті ойлап тапқан Альфред Нобель дүниеге келді. Ол артында қалдырған мол дәулетіне физика, химия, медицина, әдебиет саласында едәуір маңызды жетістікке жеткен және бейбітшілікті нығайтуға үлес қосқан тұлғаларға тапсырылатын жүлде құруды өсиет етті. Оның құрметіне синтезделген химиялық элемент Нобелий деп аталды.
1922 жылы француз кәсіпкері және меценат Лилиан Беттанкур дүниеге келді. Ол 1909 жылы әкесі негізін қалаған L'Oréal компаниясы қожайындарының бірі болды. Дүниеден озған сәтте әлемдегі ең бай әйел болған.
1956 жылы америкалық актриса, сценарист Кэрри Фишер дүниеге келді. Ол "Звездные воины" киносында ханшайым Лея Органның рөлін сомдады.
1945 жылы кеңестік және ресейлік кинорежиссер, актер, сценарист және продюсер Никита Михалков дүниеге келді. Ол "Отан алдындағы еңбегі үшін" орденінің иегері.
21 қазанда Қазақстанда кім дүниеге келді
- 011898 жылы мемлекет қайраткері Жұбаныш Бәрібаев дүниеге келді.
- 021906 жылы ботаник, биология ғылымының докторы Константин Сушков дүниеге келді.
- 031930 жылы қоғам қайраткері, биология ғылымдарының кандидаты Тәңірберген Машеев дүниеге келді.
- 041935 жылы ірі ғылыми зерттеуші, мұнай мен газ геологиясының көрнекті ғалым қайраткері Эдгард Воцалевский дүниеге келді.
