21 маусымда әлемде жазғы күн тоқырауы, Халықаралық йога күні, Селфи күні және Скейтборд күні аталып өтеді. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Жазғы күн тоқырауы
Бүгін – жазғы күн тоқырауы. Осы күні Күн өз шарықтау шегіне жетіп, аспандағы ең биік нүктеде тұрады. Сол себепті 21 маусымда күн ең ұзақ, ал түн ең қысқа болады.
Халықаралық йога күні
Сондай-ақ бүгін әлемде Халықаралық йога күні аталып өтеді. Бұл мереке БҰҰ-ның күнтізбесінде Үндістанның бастамасымен пайда болған. Ол тек физикалық қана емес, пәлсапалық ойға толы спорт түрі. Йогаға қызығушылық танытушылардың саны жылдан-жылға ұлғайып келеді. Ол адамзаттың материалдық емес мұрасы саналады. Йога – дене мен жан дүниенің үйлесімі.
Селфи күні
21 маусымда селфи күні (Selfie Day) аталып өтеді. Қазіргі таңда селфи ең танымал суретке түсу тәсілдерінің бірі. Бұл мереке алғашқы рет 2014 жылы ұйымдастырылып АҚШ-та атап өткен. Селфи түсіру барысында камера қол созым жерде тұратындықтан суретке тек адамның басы немесе басынан сәл жоғары не төмен жерлер ғана түсіріледі.
Скейтборд күні
21 маусымда скейтборд күні де аталып өтеді. Скейтерлердің ресми мейрамы барша әлемде тойланады. 1958 жылы АҚШ-та қазіргі скейтбордтың алғашқы прототипі пайда болды. Біраз уақыттан соң Ричард Стивенсон оны біраз майыстыру керек екенін түсінген. Сол күйінде скейтборд қазіргі кезге дейін жетіп отыр. Мереке күні скейтборд тебетіндер көшелерге шығады.
21 маусымда әлемде болған тарихи оқиғалар
- 011788 жылы орыс-швед соғысы басталды;
- 021913 жылы 18 жастағы америкалық Джорджия Бродвик аэропланнан парашют арқылы секірген алғашқы әйел болды;
- 031915 жылы суретші Казимир Малевич өзінің әйгілі "Қара квадрат" туындысын жазды;
- 041975 жылы Стивен Спилбергтің Jaws фильмі АҚШ экрандарына жол тартты;
- 052004 жылы әлемдегі жеке басқаруға арналған SpaceShipOne кемесі ғарышқа шықты.
21 маусымда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар
- 011824 жылы Қарағанды облысындағы Қарқаралы қаласының негізі қаланды;
- 021918 жылы "Жетісу" газетінің алғашқы саны жарық көрді. Басылым қазақ, ұйғыр, дүңген, өзбек және татар тілдерінде шығатын;
- 031940 жылы академик Қаныш Сәтбаев атындағы геологиялық зерттеулер институты құрылды;
- 041995 жылы ұлы ойшылдың шығармашылығы мен өмірі туралы деректері бар "Абай" энциклопедиясы жарық көрді;
- 052007 жылы Семипалатинск қаласының аты Семей деп өзгертілді;
- 062015 жылы Түркия астанасы Анкара қаласында саябаққа қазақ ақыны Сүйінбайдың есімі берілді;
- 072018 жылы Алматыда "Кино" тобының көшбасшысы Виктор Цойға ескерткіш орнатылды. Монументтің ашылуы "Кино" рок-тобының көшбасшысы және негізін қалаушы Виктор Цойдың туған күнінде өтті. Монумент музыкант түскен "Игла" фильмінің түсірілімі өткен жерге орнатылды.
21 маусымда дүниеге келген танымал тұлғалар
- 011921 жылы америкалық актриса Джейн Расселл дүниеге келді;
- 021941 жылы театр және кино актері, РКФСР халық әртісі Валерий Золотухин дүниеге келді;
- 031962 жылы рок-музыкант, әндер авторы, суретші Виктор Цой дүниеге келді. Ол "Кино" рок тобының негізін қалаған;
- 041982 жылы Уильям ханзада дүниеге келді. Ол британдық тақтың екінші мұрагері.
21 маусымда Қазақстанда кім туды
- 011949 жылы суретші, ҚР суретшілер одағының мүшесі, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Мәжит Бәйтенов дүниеге келді;
- 021956 жылы белгілі қазақстандық гитарашы, композитор Болат Сыздықов дүниеге келді;
- 031971 жылы Конституциялық Соттың судьясы Асан Ескендіров дүниеге келді;
- 041984 жылы сенат депутаты Евгений Больгерт дүниеге келді.
