2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Пилоттық жоба Павлодар және Қызылорда облыстарында орналасқан еліміздің алғашқы 10 мектебін қамтиды.

Жоба шеңберінде 4-сыныпта оқитын 50-ден астам оқушы математика, цифрлық сауаттылық, қазақ тілі және орыс тілі пәндері бойынша оқыту ұйымдастырылды.

Жоба кезең-кезеңімен кеңейтіледі:

  • 012027 жылғы қаңтарда қатысушы мектептердің санын кемінде 50-ге дейін көбейту жоспарлануда;
  • 02сәуірде 440-қа дейін;
  • 032028 жылдың шілдесіне қарай еліміздің 2,6 мыңға жуық шағын жинақты мектептері толық қамтылмақ.

Оқу процесі қашықтан оқыту технологияларын қолдана отырып, гибридті модель бойынша құрылған. Бұл уақытта ауылдық сыныптарда жергілікті мұғалімдер сабақ барысында балаларға материалды игеруге бірге көмектеседі, ал оқушылардың белсенділігі мен қатысуын бақылау интерактивті кликерлер мен цифрлық құралдардың көмегімен жүзеге асырылады.

Сонымен бір мезгілде педагогтерді, мектеп басшыларын және аудандық білім бөлімдерінің мамандарын даярлау жалғасады.