Қаржы министрлігі алдағы үш жылдық бюджеттің жобасын жариялады. Осыған орай, 2027 жылдан бастап айлық есептік көрсеткіштің (АЕК) мөлшерін көтеру жоспарланған. АЕК өссе, айыппұлдар мен салықтардың сомасы да артады. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

АЕК қаншаға өседі

Бүгінде айлық есептік көрсеткіштің мөлшері 4 325 теңгені құрайды. Келесі жылы оны 4 693 теңгеге дейін көтеру жоспарланған. Республикалық бюджеттің жобасы әлі де талқыланып жатқандықтан, АЕК-тің нақты мөлшері өзгеруі мүмкін. Дегенмен, Қазақстанда АЕК жыл сайын өсіп отырады. Мысалы, 2023 жылы – 3 450 теңге, 2024 жылы – 3 692 теңге, 2025 жылы – 3 932 теңге, ал 2026 жылы 4 325 теңге болған. Осылайша, келесі жылы АЕК-тің көлемі тағы 8 пайызға өссе, айыппұлдар мен салықтар да тура солай көтеріледі.

Жылдамдық үшін айыппұл

Көлік жүргізушілері жылдамдықты асырғаны үшін жиі айыппұл төлейді. Келесі жылы бұл айыппұлдар да өседі:

  • 01Жылдамдықты сағатына 10–20 шақырымға асырғаны үшін – 5 АЕК (2026 жылы 21 625 теңге, 2027 жылы 23 465 теңге);
  • 02Сағатына 20–40 шақырымға асырғаны үшін – 10 АЕК (2026 жылы 43 250 теңге, 2027 жылы 46 930 теңге);
  • 03Сағатына 40 шақырымнан асырғаны үшін – 20 АЕК (2026 жылы 86 500 теңге, 2027 жылы 93 860 теңге);
  • 04Бір жыл ішінде қайталанған жағдайда – 30 АЕК (2026 жылы 129 750 теңге, 2027 жылы 140 790 теңге).

Белдік пен телефон

Жол ережесіне сәйкес, жолаушыларды тасымалдау, қауіпсіздік белдігін тақпау, рөлде ұялы телефонды пайдалану сияқты әрекеттер үшін 5 АЕК көлемінде айыппұл қарастырылған. Биыл бұл айыппұл 21 625 теңге болса, келесі жылы 23 465 теңгеге дейін өседі.

Бағдаршамның қызыл түсі

Бағдаршамның қызыл түсіне қарамай жолды кесіп өткен жүргізушілер 10 АЕК (2026 жылы 43 250 теңге, 2027 жылы 46 930 теңге) айыппұл төлейді. Дәл осы ережені бір жыл ішінде екінші рет бұзғаны үшін айыппұл 15 АЕК-ті құрайды: 2026 жылы – 64 875 теңге, 2027 жылы – 70 395 теңге.

Куәліксіз көлік жүргізу

Көлікті куәліксіз жүргізгені үшін 5 АЕК көлемінде айыппұл қарастырылған: 2026 жылы – 21 625 теңге, 2027 жылы – 23 465 теңге.

Полицияға бағынбау

Полицияның заңды талабына бағынбаған жүргізушілерге 40 АЕК (2026 жылы – 173 000 теңге) айыппұл салынады. Келесі жылы ол 187 720 теңгеге дейін өсуі мүмкін. Бір жыл ішінде қайталанған жағдайда көлік иесі жүргізуші куәлігінен айырылады және 5 тәулікке әкімшілік қамаққа алынады. Ал куәліксіз көлік жүргізгендерге 60 АЕК (2026 жылы – 259 500 теңге, 2027 жылы – 281 580 теңге) айыппұл төлеуге тура келеді.

Жол белгілеріне қарамау

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске сәйкес, жол белгілерімен немесе жолдың жүру бөлігіндегі таңбалармен көрсетілген талаптарды сақтамағаны үшін 3 АЕК көлемінде айыппұл қарастырылған: 2026 жылы – 12 975 теңге, 2027 жылы – 14 079 теңге.

Жаяу жүргіншілер жолына шығу

Көлікпен жаяу жүргіншілер жолына шыққаны үшін 15 АЕК (2026 жылы 64 875 теңге) айыппұл салынады. 2027 жылы оның көлемі 70 395 теңгеге дейін өседі.

Тұрақ талаптарын бұзу

Көлік құралдарын тоқтату және тоқтап тұру қағидаларын бұзғаны үшін бірнеше айыппұл бар:

  • 01Көлікті рұқсат етілмеген жерге қою – 5 АЕК (2026 жылы 21 625 теңге, 2027 жылы 23 465 теңге);
  • 02Тротуарға шығып кету – 10 АЕК (2026 жылы 43 250 теңге, 2027 жылы 46 930 теңге);
  • 03Тұрақ ақысын төлеуден жалтару – 3 АЕК (2026 жылы 12 975 теңге, 2027 жылы 14 079 теңге).

Жаяу жүргіншілердің айыппұлы да өседі

Жол ережесін бұзған жаяу жүргіншілер 2 АЕК (2026 жылы 8 650 теңге) айыппұл төлейді. Келесі жылы оның көлемі 9 386 теңгеге дейін өседі. Ал бір жыл ішінде қайталанса, айыппұл 10 АЕК-ке дейін артады: 2026 жылы – 43 250 теңге, 2027 жылы – 46 930 теңге.

Көлікті тіркеу ақысы көтеріледі

Қазіргі кезде көлікті алғашқы тіркеу ақысы 0,25 АЕК-ті (1 081 теңге) құрайды. Келесі жылы оның көлемі 1 173 теңгеге дейін көтеріледі. Ал көліктің шығарылғанына үш жылдан асып кетсе, 500 АЕК (2026 жылы – 2 162 500 теңге, 2027 жылы – 2 346 500 теңге) болады.

Утилизациялық алым

Қазақстанда утилизациялық алым да АЕК-пен саналады. Биыл оның көлемі 216 250 теңге болса, келесі жылы 234 650 теңгеге дейін көтерілуі мүмкін. Әрбір көліктің утилизациялық алымы қозғалтқыштың көлеміне қарай есептеледі.

Көлік салығы қалай өзгереді

Қазақстанда көлік салығы қозғалтқыштың көлеміне қарай төленеді:

  • 011 100 текше сантиметрге дейін – 1 АЕК (2026 жылы 4 325 теңге, 2027 жылы 4 693 теңге);
  • 021 100 – 1 500 текше сантиметр – 2026 жылы 8 650 теңге, 2027 жылы 9 386 теңге;
  • 031 500 – 2 000 текше сантиметр – 2026 жылы 12 975 теңге, 2027 жылы 14 079 теңге;
  • 042 000 – 2 500 текше сантиметр – 2026 жылы 25 950 теңге, 2027 жылы 28 158 теңге;
  • 052 500 – 3 000 текше сантиметр – 2026 жылы 38 925 теңге, 2027 жылы 42 237 теңге;
  • 063 000 – 4 000 текше сантиметр – 2026 жылы 64 875 теңге, 2027 жылы 70 395 теңге;
  • 074 000 текше сантиметрден жоғары – 2026 жылы 506 025 теңге, 2027 жылы 549 081 теңге.

Көлікті сақтандыру құны өседі

Қазіргі кезде көлікті сақтандыру полисінің бағасы 1,9 АЕК-тен (8 217,5 теңгеден) басталады. Келесі жылы бұл сома 8 917 теңгеге дейін өседі.