2027 жылғы Жаңа жылға ұзақ демалыс күндері қазақстандықтарды күтіп тұр. Жаңа жылы 1 қаңтар жұмаға, ал 2 қаңтар сенбіге түседі, сондықтан қосымша демалыс күні 4 қаңтар дүйсенбіге ауыстырылады. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Kursiv Media басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Төрт күн демалғаннан кейін қазақстандықтар 5 қаңтарда (сейсенбі) жұмысқа шығады, 6 қаңтар (сәрсенбі) де жұмыс күні болады, ал 7 қаңтар (бейсенбі) дәстүрлі түрде елде православиелік Рождество атап өтілетіндіктен, демалыс күні болады. Одан кейін 8 қаңтар (жұма) — жұмыс күні, ал 9 және 10 қаңтар — қарапайым сенбі мен жексенбі.

Осылайша, бес күндік жұмыс аптасында 2027 жылдың қаңтарында 18 жұмыс күні және 13 демалыс күні күтіледі. Сенбі мен жексенбіден басқа, демалыс күндерінің қатарына 1, 4 және 7 қаңтар кіреді.

Бұған дейін «Курсив» қазақстандықтар Республика күніне байланысты желтоқсанда бір демалыс күнінен айырылатынын жазған болатын.

2026 жылдың соңына дейін қазақстандықтар мерекелік күндер есебінен демалысын ұзарта алмайды. Жақын екі айдағы жалғыз мереке — аптаның ортасына түсетін 16 желтоқсан Тәуелсіздік күні.