2027 жылғы қаңтардан бастап Қазақстанда барлық емхана алғаш рет келген пациенттерді медициналық сақтандырудың бар-жоғына қарамай қабылдайды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Қазақстан басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Бұйрықтың жобасына сәйкес, 2027 жылғы қаңтардан бастап қазақстандықтар емханаға алғашқы рет жүгінген кезде МӘМС жүйесіндегі мәртебесіне қарамастан базалық медициналық көмекті ала алады.
Базалық қызметтер тізімі
Бұйрық жобасында көрсетілген базалық қызметтер:
- 01жалпы қан және зәр талдауы;
- 02артериялық қысымды және денсаулық жағдайының негізгі көрсеткіштерін өлшеу;
- 03ЭКГ;
- 04Пульсоксиметрия;
- 05Флюорография;
- 06жекелеген функционалдық зерттеулер;
- 07құрсақ қуысы ағзалары мен бүйректердің ультрадыбыстық зерттеуі.
Пациенттерді ақпараттандыру
Тағы бір жаңашылдық пациенттерді ақпараттандыруға қатысты. Бұйрық жобасында атап өтілгендей, медициналық ақпараттық жүйелермен интеграцияланған алгоритмдік жүйелерді пайдалана отырып, азаматтарға автоматтандырылған қоңырау шалу мүмкіндігі көзделген.
"Бұл пациенттерді жеделірек ақпараттандыруға және емханалардағы ұйымдастырушылық процестердің бір бөлігін автоматтандыруға мүмкіндік береді", — делінген бұйрық жобасында.
Осылайша, жаңа тәртіп емханаларға алғаш келген азаматтарға медициналық сақтандыру мәртебесіне қарамастан базалық тексерулер мен зерттеулерді алуға мүмкіндік береді.
