Көлік министрлігі ел аумағына әкелінетін автокөліктерге қойылатын талаптарға өзгерістер мен толықтырулар енгізеді. Құжатқа сәйкес, 2027 жылдан бастап жеке тұлғаларға бес жылдан асқан автокөліктерді Қазақстанға әкелуге тыйым салынады. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Сондай-ақ көліктердің экологиялық класы Euro-5-тен төмен болмауға тиіс. Бұл ережелер жеке пайдалануға арналған автокөліктерге, мотоциклдер мен тіркемелерге қатысты.

Алайда арнайы техника мен коммерциялық көліктерге, мысалы, жүк көліктері мен автобустарға қолданылмайды.