Үкімет жәрдемақыларды тағайындау шарттарын бекітті. Қаулыға сәйкес, тізімге 10 түрлі жәрдемақы енгізілді. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Жәрдемақы түрлері

Тізімге мынадай жәрдемақылар енгізілді:

  • 01бала тууына байланысты берілетін біржолғы мемлекеттік жәрдемақы;
  • 02бала күтіміне байланысты ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы;
  • 03көпбалалы отбасыларға берілетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы;
  • 04марапатталған көпбалалы аналарға берілетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы;
  • 05мүгедектік бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы;
  • 06асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы;
  • 07арнаулы мемлекеттік жәрдемақы;
  • 08бірінші топтағы мүгедектігі бар адамға күтім жасайтын адамдарға берілетін мемлекеттік жәрдемақы;
  • 09мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған адамдарға берілетін мемлекеттік жәрдемақы;
  • 10арнаулы кәсіптік мемлекеттік жәрдемақы.

Мұқтаждық қағидаты

Жәрдемақылар отбасының әлеуметтік әл-ауқатын объективті бағалау негізінде мұқтаждық қағидаты бойынша беріледі. Кейбір жәрдемақы түрлеріне бұл талап қолданылмайды.

Сонымен қатар жәрдемақыларды, сондай-ақ жерлеуге арналған біржолғы төлемді алу құқығы әдістемеге сәйкес әлеуметтік әл-ауқаты жоғары ("А" деңгейі) және ауқатты ("В" деңгейі) санаттарына жатқызылған адамдарға берілмейді.

Деректерді өңдеуге келісім

Жәрдемақы алу үшін азаматтар дербес деректерді, оның ішінде банктік және заңмен қорғалатын өзге де құпия мәліметтерді жинауға және өңдеуге келісім беруі қажет. Сондай-ақ кредиттер мен қарыздарға қатысты мәліметтер де ескеріледі.

Қашан күшіне енеді

Қаулы 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі. Үкімет қаулысының толық мәтінімен мына сілтеме арқылы танысуға болады.