2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап 10 түрлі жәрдемақы жаңаша тағайындалады. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Жәрдемақылар отбасының әлеуметтік әл-ауқатын объективті бағалау негізінде мұқтаждық қағидаты бойынша беріледі.

Алайда кейбір жәрдемақы түрлеріне бұл талап қолданылмайды.

Сонымен қатар жәрдемақыларды, сондай-ақ жерлеуге арналған біржолғы төлемді алу құқығы әдістемеге сәйкес әлеуметтік әл-ауқаты жоғары ("А" деңгейі) және ауқатты ("В" деңгейі) санаттарына жатқызылған адамдарға берілмейді.