2026 жылы құрылыс және жөндеу жұмыстары рекордтық 11 мың шақырым жолды қамтыды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Оның ішінде: - 3,4 мың шақырымы республикалық маңызы бар жолдар желісін салу және реконструкциялау; - 5 мың шақырымы республикалық трассаларды күрделі және орташа жөндеу жұмыстары; - 2,4 мың шақырымы жергілікті маңызы бар жолдарды жөндеу.
Жолдарды күтіп ұстау мақсатында ақылы жол учаскелері жүйесі дамытылып жатыр. Жуырда бұл тізім жалпы ұзындығы 1,6 мың шақырым болатын тағы 6 жаңа бағытпен толықтырылмақ. Олар: - Қарағанды - Балқаш, - Бурылбайтал - Күрті, - Ақтөбе - Қандыағаш, - Талдықорған - Өскемен, - Атырау - Астрахан, - Мерке - Шу.
Нәтижесінде ақылы жолдардың жалпы ұзындығы 4,9 мың шақырымнан 6,7 мың шақырымға дейін ұлғаяды.
