АЛМАТЫ, 17 тамыз – Sputnik. 2026 жылы Қазақстанда 380 мың бала бірінші сыныпқа барады. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Биыл бірінші сыныпқа баратын балалар саны Алматыға қарағанда Астанада көп болады. Айта кетері, елорда халқы Алматыдан кемінде 600 мың адамға аз: Алматыда 2,3 миллионнан астам, ал Астанада 1,6 миллион адам тұрады.

Өңірлер арасында бірінші сыныпқа баратын балалар саны бойынша Түркістан облысы көш бастап тұр.