Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы 2026 жылға арналған пітір садақа мөлшерін бекітті. Биыл садақа көлемі жан басына шаққанда 735 теңгені құрайды, деп хабарлайды Qazaqyia ақпарат агенттігі.
Бұл сома өткен жылғы мөлшерден (655 теңге) сәл жоғары. Діни басқарма пітір садақаны есептеу кезінде еліміздегі бидайдың орташа нарықтық бағасын негізге алғанын мәлімдеді.
Сонымен қатар, ҚМДБ қасиетті Рамазан айына қатысты маңызды күндерді де хабарлады. 2026 жылы Қадір түні 16 наурыздан 17 наурызға қараған түнге сәйкес келсе, Ораза айт мерекесі 20 наурызда атап өтіледі. Ал Құрбан айт мейрамы 27 мамырда басталып, 29 мамырға дейін жалғасады.
Садақаны еліміздегі Kaspi.kz, Halyk Bank сияқты банктердің мобильді қосымшалары арқылы онлайн аударуға болады. Сондай-ақ, төлемдер «Қазпошта» бөлімшелерінде де қабылданады.
Фото: Әлеуметтік желіден
