2026 Tony сыйлығының жеңімпаздары

2026 жылғы 7 маусымда Нью-Йорктегі Radio City Music Hall-да 79-шы Tony сыйлығын тапсыру рәсімі өтті. Төменде негізгі жеңімпаздар тізімі берілген. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Associated Press басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Үздік мюзикл

«Schmigadoon!» (продюсер Лорн Майклз) үздік мюзикл атағын жеңіп алды. Сыйлықты Бернадетт Питерс табыс етті.

Үздік пьеса

«Liberation» (автор Бесс Уол) үздік пьеса атанды.

Үздік актер (пьесадағы басты рөл)

Джон Литгоу «Giant» спектакліндегі рөлі үшін үздік актер атанды.

Үздік актриса (мюзиклдегі қосалқы рөл)

Шошана Бин «The Lost Boys» мюзикліндегі рөлі үшін сыйлық алды. Марапатты Меган Ти Сталлион табыс етті.

Үздік актриса (пьесадағы қосалқы рөл)

Лори Меткаф «Death of a Salesman» спектакліндегі рөлі үшін үздік актриса атанды.

Барлық фотосуреттер: Charles Sykes/Invision/AP.