2026-2027 оқу жылында мектеп оқушыларының каникулы төрт күнге қысқарады. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Оқу-ағарту министрлігі жаңа оқу жылына арналған демалыс күнтізбесін бекітті. Бірінші тоқсанда оқушылар бұрынғыдай 7 күндік каникул алады: 26 қазаннан 1 қарашаға дейін.
Екінші тоқсанда қысқы каникул 14 күнге созылады: 28 желтоқсаннан 10 қаңтарға дейін.
Үшінші тоқсанда көктемгі каникул қысқарады: бұған дейін 11 күн болса, енді небәрі 7 күн (22–28 наурыз) беріледі.
Бірінші сынып оқушыларының қосымша каникулы өзгеріссіз қалады: олар ақпан айында тағы бір апта демалады.
