2025 жылы айлық есептік көрсеткіш (АЕК) 3932 теңге болып белгіленді, бұл 2024 жылмен салыстырғанда 240 теңгеге жоғары. Осыған байланысты айыппұл мөлшері 6,1 пайызға артады, деп хабарлайды Todayinfo порталы Tengri Auto сілтеме жасап.
Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов
Айыппұлдар көлемі келесідей өзгереді:
- 01Жылдамдықты арттыру: 10-20 км/сағ: 5 АЕК – 19 660 теңге (2024 жылы – 18 460 теңге).
- 0220-40 км/сағ: 10 АЕК – 39 320 теңге (2024 жылы – 36 920 теңге).
- 0340 км/сағ жоғары: 20 АЕК – 78 640 теңге (2024 жылы – 73 840 теңге).
- 04Жыл ішінде қайталау: 30 АЕК – 117 960 теңге (2024 жылы – 110 760 теңге).
- 05Жүргізуші куәлігінсіз көлік басқару: 20 АЕК – 78 640 теңге (2024 жылы – 73 840 теңге).
- 06Құқықтан айырылған жүргізуші үшін: 50 АЕК – 196 600 теңге (2024 жылы – 184 600 теңге) немесе 20 тәулікке әкімшілік қамау.
- 07Жол белгілері мен жолақтарды сақтамау: 3 АЕК – 11 796 теңге (2024 жылы – 11 076 теңге).
- 08Қызыл жарыққа өту немесе реттеушіні елемеу: 10 АЕК – 39 320 теңге (2024 жылы – 36 920 теңге).
- 09Қайталау: 15 АЕК – 58 980 теңге (2024 жылы – 55 380 теңге).
- 10Тротуарлармен немесе жаяу жүргіншілер жолымен жүру: 15 АЕК – 58 980 теңге (2024 жылы – 55 380 теңге).
- 11Тұрақ ережелерін бұзу: Дұрыс қойылмаған тұрақ: 5 АЕК – 19 660 теңге (2024 жылы – 18 460 теңге).
- 12Тротуарда немесе көгалда тұрақтау: 10 АЕК – 39 320 теңге (2024 жылы – 36 920 теңге).
- 13Тұрақ ақысы үшін төлемнен жалтару: 3 АЕК – 11 796 теңге (2024 жылы – 11 076 теңге).
- 14Полиция талабын орындамау (тоқтамау): 40 АЕК – 157 280 теңге (2024 жылы – 147 680 теңге).
- 15Қайта бұзу: 60 АЕК – 235 920 теңге (2024 жылы – 221 520 теңге). Бұл жағдайда құқықтан айыру және 5 тәулікке қамау қарастырылған.
- 16Қауіпсіздік белдігін тақпау және телефон пайдалану: 5 АЕК – 19 660 теңге (2024 жылы – 18 460 теңге).
- 17Жаяу жүргіншілер үшін: Ережені бұзу: 2 АЕК – 7 864 теңге (2024 жылы – 7 384 теңге).
- 18Қайта бұзу: 10 АЕК – 39 320 теңге (2024 жылы – 36 920 теңге).
Еске сала кетейік,
4 желтоқсаннан бастап Қазақстанда жол қозғалысы ережелеріне қатысты бірқатар жаңа өзгерістер күшіне енді.