2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда айлық есептік көрсеткіш (АЕК) 3 932 теңге болып белгіленеді. Осыған байланысты әлеуметтік төлемдер мен айыппұлдардың мөлшері де өзгереді.
Фото: pxhere.com
Айыппұлдардың жаңа мөлшері:
- 01Көлік жүргізу кезінде телефонмен сөйлесу немесе қауіпсіздік белдігін тақпау: 5 АЕК (19 660 теңге)
- 02Түнгі сағат 22:00-ден кейін кәмелетке толмағандардың көңіл көтеру орындарында болуы: 3 АЕК (11 796 теңге)
- 03Тыныштықты бұзу (кешкі сағат 22:00-ден кейін): 5 АЕК (19 660 теңге)
- 04Қоғамдық орында қоқыс тастау немесе түкіру: 5 АЕК (19 660 теңге)
- 05Мұғалімді немесе дәрігерді балағаттау: 10 АЕК (39 320 теңге)
Әлеуметтік төлемдердің жаңа мөлшері:
- 01Ең төменгі зейнетақы: 62 771 теңге
- 02Бала күтімі бойынша ай сайынғы жәрдемақы: 21 265 теңгеден 22 648 теңгеге дейін
- 03Ең төменгі күнкөріс деңгейі: 46 228 теңге
- 04Ең төменгі жалақы: 85 000 теңге (өзгеріссіз)
Сарапшы пікірі:
Экономист Жангелді Шымшықовтың пікірінше, ең төменгі жалақы 150 000 теңгеден төмен болмауы керек. Ол қазіргі таңда үкіметтің ең төменгі жалақы мен күнкөріс деңгейін көтеруге қаржылық мүмкіндігі жоқ екенін айтады. «85 мың теңге – бұл өмір сүрудің ең төменгі деңгейі,» — дейді ол. Сарапшы сондай-ақ, халықаралық қаржы қорының есебіне сүйене отырып, күніне 5 доллардан аз жұмсайтын адам кедей болып саналатынын, сондықтан қазіргі қымбатшылық жағдайында тұтыну себетінің құны кемінде 75 мың теңге болуы керектігін алға тартады.
2025 жылы айыппұлдар мен кейбір жәрдемақылардың көлемі өскенімен, ең төменгі жалақы өзгеріссіз қалады. Бұл халықтың әлеуметтік жағдайына қалай әсер ететінін уақыт көрсетеді.