Фото: GTS

Бірінші несие бюросының дерегінше, биыл LRT құрылысына мемлекеттік бюджеттен 329,6 миллиард теңге жұмсалды, деп хабарлайды qazaqyia.kz/ ақпарат агенттігі.

11 айдың қорытындысы бойынша әуежайдан жаңа теміржол вокзалына дейінгі LRT учаскесінің құрылысына республикалық бюджеттен 329,6 миллиард теңге бөлінді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда қаржыландырудың айтарлықтай артқанын көрсетеді:

2023 жылы – 52,4 миллиард теңге;

2024 жылы – 28,4 миллиард теңге.

Қаражат Ұлттық қордан мақсатты трансферттер түрінде берілді.

Сонымен қатар, LRT құрылысына жұмсалған шығындар республикалық бюджеттің көлік және коммуникациялар саласына арналған шығындарының дерлік үштен бір бөлігі болды.