2025 жылғы 5-12 желтоқсан аралығында Алматыда классикалық шахматтан Қазақстан Балалар кубогының финалы өтеді. Нокаут жүйесі бойынша жарысқа түсетін 9-14 жастағы 16 бозбала мен қыз ең мықты ойыншыларды анықтайды, деп хабарлайды qazaqyia.kz/ ақпарат порталы.
2025 жылы Қазақстан Балалар Кубогы жарысы аясында 6 кезең қамтылды:
- 011-ші кезең – 20–26 наурыз, Талдықорған, Т. М. Кәріпбаев Мемориалы;
- 022-ші кезең – 2–8 мамыр, Кызылорда, Аралбай Махамбетов Мемориалы;
- 033-ші кезең – 30 мамыр–5 маусым, Қостанай, А. Г. Уфимцев Мемориалы;
- 044-ші кезең – 6–12 шілде, Ақтау, Қалшабек Мырзабеков Мемориалы;
- 055-ші кезең – 2–8 тамыз, Павлодар, «Ертіс өңірінің үміті»;
- 066-шы кезең – 15–21 тамыз, Алматы.
Әр кезеңнің қорытындысы бойынша әр жас санатындағы – 10 жасқа дейінгі және 14 жасқа дейінгі бозбалалар мен қыздарға 1-ші орыннан бастап (20 балл) 15-ші орынға дейін (1 балл) тиісті ұпайлар берілді. Осы балл қосындысы бойынша үздік 16 бозбала мен қыз анықталды (14 жасқа дейінгілер арасындағы 10 үздік + 10 жасқа дейінгілер арасындағы 5 үздік + 2024 жылғы Қазақстан Балалар Кубогының жеңімпазы). Негізгі қатысушылардың біреуі бас тартқан жағдайда оны қосалқылар тізімдегі келесі ойыншы ауыстырды.
5-12 желтоқсан аралығында Алматыдағы Park Dedeman Almaty қонақ үйінде (Тимирязев көшесі, 67а) өтетін финалдық турнирлерге қатысатын шахматшыларды таныстырып өтейік. Әр ойын күнінің басталу уақыты – Қазақстан уақыты бойынша сағат 10.00.
Бозбалалар
- 01Ақылжан Мейірханұлы (29.01.2011, Қызылорда обл., 2340) – 2023 және 2024 жылғы ҚБК жеңімпазы, 1-ші және 2-ші кезеңдерінің жеңімпазы;
- 02Алдияр Жарас (5.07.2012, Алматы, 2085);
- 03Пайрави Кодири (2011, Тәжікстан, 2012) – 4-ші кезеңнің жеңімпазы;
- 04Алтынбек Құсайын (15.01.2011, Павлодар обл., 2007) – 6-шы кезеңнің жеңімпазы;
- 05Азамат Алмазұлы (2.07.2013, Абай обл., 1995);
- 06Нұрислам Айнақұл (4.08.2011, Шымкент, 1969) – 5-ші кезеңнің жеңімпазы;
- 07Ибраһим Бақыт (22.01.2014, Астана, 1948);
- 08Мақсат Байсалбеков (29.12.2012, Ұлытау обл., 1929) – 3-ші кезеңнің жеңімпазы;
- 09Азат Әміреев (20.04.2013, Қызылорда обл., 1920);
- 10AIM Жанболат Аманқос (6.12.2011, Маңғыстау обл., 1919);
- 11Кирилл Бабкин (12.01.2011, Павлодар обл., 1905);
- 12Диас Аманбек (5.07.2015, Түркістан обл., 1799);
- 13Ералы Аман (19.03.2015, Астана, 1795);
- 14Ескендір Мұрат (20.02.2015, Алматы, 1768);
- 15Санжар Тұрдыбай (15.09.2015, Абай обл., 1717);
- 16Әли Атнаш (14.01.2016, Атырау обл., 1649).
Бастапқы тізімде Санжар Толбаев болған еді, бірақ ойынға қатыса алмауы себепті оны Ескендір Мұрат (2016, Алматы, 1632) ауыстырды.
Турнир торы (1/8 финал): жоғарғы жартысы: Ақылжан Мейірханұлы – Әли Атнаш, Мақсат Байсалбеков – Азат Әміреев, Алтынбек Құсайын – Ералы Аман және Азамат Алмазұлы – Диас Аманбек, төменгі жартысы: Алдияр Жарас – Санжар Тұрдыбай, Ибраһим Бақыт – Жанболат Аманқос, Пайрави Кодири – Ескендір Мұрат және Нұрислам Айнақұл – Кирилл Бабкин.
https://s3.chess-results.com/tnr1298268.aspx
Қыздар
- 01Адия Мәмеш (11.05.2014, Астана, 1787) – 2025 жылғы Қазақстан вице-чемпионы (G12);
- 02Маргарита Поляк (2014, Қырғызстан, 1785) – 1-ші кезеңнің жеңімпазы;
- 03Бибисара Ержан (3.07.2012, Жамбыл обл., 1707);
- 04Азель Түлекенова (29.12.2011, Астана, 1673) –5-ші кезеңнің жеңімпазы;
- 05Азалия Балақанова (20.11.2016, Павлодар обл., 1670);
- 06Алуна Әубәкірова (15.02.2011, Ақмола обл., 1669) – 3-ші кезеңнің жеңімпазы;
- 07Мунира Рау (16.11.2011, Павлодар обл., 1646);
- 08Сымбат Жетпіс (27.07.2015, Атырау обл., 1636) – 4-ші кезеңнің жеңімпазы;
- 09Ксения Шегай (28.05.2013, Алматы, 1609);
- 10Аделина Нұрханқызы (4.04.2016, Шымкент, 1602);
- 11Зейнеп Жаппар (3.02.2011, Қостанай обл., 1589);
- 12Медина Жәкенова (8.06.2013, Атырау обл., 1576);
- 13Ақниет Күмісбай (12.05.2016, Маңғыстау обл., 1569);
- 14Інжу Әбиболла (9.02.2015, Ақтөбе обл., 1551) – 6-шы кезеңнің жеңімпазы;
- 15Нұрсая Жұмабек (17.01.2014, Шымкент, 1539);
- 16Дилайла Сәдуақасова (18.08.2013, Алматы, 1522).
Турнир торы (1/8 финал): жоғарғы жартысы: Адия Мәмеш – Дилайла Сәдуақасова, Сымбат Жетпіс – Ксения Шегай, Азель Түлекенова – Ақниет Күмісбай және Азалия Балақанова – Медина Жәкенова, төменгі жартысы: Маргарита Поляк – Нұрсая Жұмабек, Мунира Рау – Аделина Нұрханқкызы, Бибісара Ержан – Інжу Әбибулла және Алуна Әубәкірова – Зейнеп Жаппар.
https://s3.chess-results.com/tnr1298284.aspx
Әр кезеңде – 1/8 финалда, ширек финалда, жартылай финалда және финалда – қарсыластар фигуралардың түсін ауыстырып, 90+30 классикалық уақыт бақылау нұсқасы бойынша (партияға 90 минут беріледі және әр жүріс үшін біріншісінен бастап 30 секунд қосылады) екі партиядан ойнайды.
Екі классикалық партиядан кейін қарсыластар тең түскен жағдайда жеңімпаз анықталғанға дейін тай-брейк: екі партия рапид 15+10, екі партия блиц 3+2 ойналады және соңында «армагеддон» деп аталатын ойынға орын беріледі – ол бойынша фигуралардың түсін таңдайтын ойыншы жеребе тарту жолымен анықталады (ақ фигуралармен ойнайтын шахматшыға 3 емес, 4 минут беріледі, бірақ осы жалғыз партияда қарсыластар тең түскен жағдайда қаралар жеңімпаз деп танылады).
ТУРНИР ТОРЫ
(3-ші орын) (1-ші орын)
Әр финалдың (қыздар мен бозбалалар арасындағы) жүлде қоры – 1,5 млн теңгеден. Ол келесідей бөлінеді: 1-ші орын үшін – ₸300 000, 2-ші орын үшін – ₸200 000, 3-ші орын үшін – ₸150 000, 4-ші орын үшін – ₸130 000, 1/4 финалда жеңіліс тапқан 4 ойыншының әрқайсысына – ₸80 000, 1/8 финалда жеңіліс тапқан 8 ойыншының әрқайсысына – ₸50 000 табыс етіледі.
Бозбалалар мен қыздар арасындағы финал жеңімпаздары жасөспірімдер арасындағы 2026 жылғы әлем чемпионаттары: World Cadets Chess Championship – U8–U12, World Youth Chess Championship – U14–U18 KazChess/ҚШФ атынан қатысу құқығына ие болады.
2023 жылы Қазақстан Балалар Кубогының финалы алғаш рет нокаут жүйесі бойынша өтті. Онда Ақылжан Мейірханұлы (Қызылорда обл.) мен Әсия Асылхан (Түркістан обл.) жеңімпаз атанды. Олар бір жылдан кейін өткен турнирде де жеңіске жетті.